Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей "үлкен соғысқа" дайындалып жатыр ма

© Sputnik / Евгений БиятовТанк Т-72 ведёт огонь
Танк Т-72 ведёт огонь - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
РФ Қарулы күштері Украинадағы әскери нысандарын зымыранмен атқылап, майданның бірнеше бағытында шабуыл жасап келеді. Әсіресе, Краснолиманск пен Купянск жақтағы жетістіктерді ерекше атап өткен жөн. Украина әскерінің "қарсы шабуылы" жаншылып жатыр, Батыстан жеткізілген қару-жарақтың үштен бір бөлігі жойылды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
26 шілде күні Ресейдің қарулы күштері жоғары дәлдігі бар қарумен аэродромдарға, басқару пунктеріне, құрастыру цехтарына, сондай-ақ, пилотсыз катерлер тұратын жерлерге соққы жасады. НАТО елдері беріп жіберген зымырандар, қару-жарақ пен әскери техника қоймалары да отқа оранды. Атап айтқанда, Киевтің түбіндегі әскери басқару пункті, Львов облысындағы НАТО мен Украина қарулы күштері киберәскерінің байланыс орталығы, Су-24М ұшақтары, Житомир облысындағы Староконстантинов аэродромында болған британдық Storm Shadow зымырандарының қоймасы, Озернов аэродромындағы нысандар, Одесса облысындағы әскери техника мен оқ-дәрі қоймалары, Николаевтағы шетелдік жалдамалы жауынгерлердің жатқан жері мен Харьковтағы инфрақұрылымдық нысан бар. НАТО-ның әуе қорғанысы жүйесі тағы ресейлік "Кинжалдар", "Искандерлер" мен "Оникстарды" тоқтата алмады. Кейбір сарапшылар 26 шілде күні бірден 50 зымыранмен жасалған соққы Қырым көпірі үшін есе қайтару деп санайды.
Украина армиясы оқтан басын көтере алмай жатыр. Ал Вашингтон қақтығыстың жалғасқанын қалайды. Олар Киевті ойлап жатқан жоқ, өз үстемдігін сақтап қалуды көздеп отыр. Сол себепті Ақ үй украин жерінде майданға жүздеген миллиард долларды жұмсауға дайын. АҚШ армияның қыруар қару-жарақ қорын да аямайды.
25 шілде күні Ресей қарулы күштерінің құрылымдары Купянск бағытында Жеребец өзенінен өтіп, Новоегоровка, Надежда мен Сергеевка ауылдарына кірді. Сөйтіп, 3 шақырымды артқа тастап, Харьков облысына шықты. Украина әскері 5 шақырымға батысқа қарай шегінуге мәжбүр болды. Енді, Оскольск су қоймасынан шығыс жақтағы қорғаныс шебін қалпына келтіруге күш салып жатыр. Бірақ ресейлік әскери құрылымдар жаңа жерлерде мықтап орналасып алды, бірнеше қарсы шабуылды да қайтарды. Өткен бір тәуліктің ішінде қарсыластар 190 сарбаз бен 17 бронды техникадан айырылды. Харьков жақта Украина қарулы күштерінің резевтері бар, ал украиндық "қарсы шабуылдың" басты бағыты – Запорожье, ары қарай Мелитополь мен Бердянскіге шығу қажет. Ал солтүстік пен оңтүстікте Киевтің күші мен қаруы жеткіліксіз.
Вашингтон украиндық әскердің қарсы шабуылына қанағаттанып отырған жоқ. Солардың қамшылауымен кеше Украина қарулы күштері "қарсы шабуылдың негізгі фазасына" кірісті. Сөйтіп, Ореховск бағытында төрт бірдей бригада - 20 мың сарбаз, 90 танк, 120 дүркіндетіп атудың реактивті жүйесі, 80 артиллериялық қару мен мина атқышты шығарып қойды. Ал Американың әскери кеңесшілері тактикалық десантты ресейлік әскердің тыл жағынан түсіруге кеңес беріп отыр. Ол үшін Украина қарулы күштері 30 – 60 тікұшақты қолданады. Десанттың мақсаты – ресейлік әскерді үркіту, дүрбелең туғызу. Алайда Украина қарулы күштері біраз шығынға ұшырайды. Операцияның сәтсіздікке ұшырауы 70 процентке бағаланып отыр.
26 шілдеде Украина қарулы күштерінің стратегиялық резервінде тұрған үш тактикалық топ Запорожье облысындағы Работино аулының маңында ресейлік қорғанысты бұзып өткісі келген. Бірақ 42-ші мотоатқышлар дивизиясының 71-мотоатқыштар полкі мен теңіз жаяу әскерінің 810-ші бригадасы барлық шабуылды қайтарып, 22 танк, 10 жауынгерлік машина мен 100 украинских сарбаздың көзін жойды. Қарсылас кері шегінуге мәжбүр болды.
Америкалық Украина қарулы күштерін жайдан-жай қамшылап жатқан жоқ. 500 күннің ішінде Мәскеу ел экономикасын қайта құрып үлгерді, қорғаныс өнеркәсібі оқ-дәрінің өндірісін 12 есеге арттырды. Әскерге жаңа қару-жарақты жеткізу көлемі де ұлғайды. Ресей Федерациясы "үлкен соғысқа" дайындалып жатыр.
Шетелдің кейбір әскери сарапшылары НАТО-ның жағдайы мәз емес екенін ашық айтып отыр. 2024 жылы Солтүстік Атлантикалық альянс ыдырауы мүмкін.
Жаңалықтар
0