https://sputnik.kz/20230727/quanshylyqtan-zardap-shekken-diqandar-nesieni-keshiktirip-toley-alady-37052992.html
Қуаңшылықтан зардап шеккен диқандар несиені кешіктіріп төлей алады
Қуаңшылықтан зардап шеккен диқандар несиені кешіктіріп төлей алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жедел кеңес өтті... 27.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-27T12:18+0500
2023-07-27T12:18+0500
2023-07-27T12:23+0500
үкімет
диқандар
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0a/33749145_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_848ccc6c956c6103e8beb2856d8a3e54.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Отырыста Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі аптапыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуал талқыланды.Сонымен қатар жиын барысында қуаңшылықьан зардап шеккен диқандарға мемлекет тарапынан өандай көмек көрсетілетіні де айтылды."Бәйтерек" холдингі, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады.Сондай-ақ биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды.Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді, соның ішінде құрғақшылықтың салдарын жою құралдарының бірі – егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру. Осы мақсатта сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі субсидияланатын өсімдік және мал шаруашылығында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді.Сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млрд теңгені құрады, оның 1,3 млрд теңгесі субсидияланды. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілген.Жұманғариннің айтуынша, жем-шөп дайындау деңгейі өте төмен. Жылдық жоспар 25 млн тонна болса, бар болғаны 8 млн тонна жиналды.Вице-премьер өңірлерде мал азығын дайындау қарқынын арттырып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жем-шөп бағасын тұрақты бақылауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0a/33749145_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_e52b058ee04533b587ac0894807f0cde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, диқандар
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Отырыста Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі аптапыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуал талқыланды.
Сонымен қатар жиын барысында қуаңшылықьан зардап шеккен диқандарға мемлекет тарапынан өандай көмек көрсетілетіні де айтылды.
"Бәйтерек" холдингі, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады.
Сондай-ақ биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды.
Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді, соның ішінде құрғақшылықтың салдарын жою құралдарының бірі – егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру. Осы мақсатта сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі субсидияланатын өсімдік және мал шаруашылығында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді.
Сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млрд теңгені құрады, оның 1,3 млрд теңгесі субсидияланды. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілген.
Жұманғариннің айтуынша, жем-шөп дайындау деңгейі өте төмен. Жылдық жоспар 25 млн тонна болса, бар болғаны 8 млн тонна жиналды.
Вице-премьер өңірлерде мал азығын дайындау қарқынын арттырып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жем-шөп бағасын тұрақты бақылауды тапсырды.
"Сонымен қатар, кейбір аймақтардағы құрғақшылықтың ықтимал әсерін ескере отырып, фермерлер несие төлемдерін кейінге қалдыруға өтініш бере бастауы мүмкін. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Қазагроқаржы" АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек", — деді Серік Жұманғарин.