Қоғам

Қазақстандықтарға бау-бақша серіктестігі мен кооперативінде тіркелуге тыйым салынбақ

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қазақстандықтарға бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінде тіркелуге тыйым салу жоспарланып отыр. Ашық НҚА порталында тиісті үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
"Тұрғылықты, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады", - делінген құжатта.
Қолданыстағы ережелерден бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінде тіркеу туралы норма алынып тасталады.
Бұған дейін ішкі істер министрлігіне 21 шілдеге дейін Еңбек министрлігіне ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін регламенттеу бойынша (азаматтарды саяжай және бау-бақша учаскелерінде, тұрғын емес және қызметтік үй-жайларда тіркеуге тыйым салу туралы) түпкілікті ұсыныс жіберу тапсырылған болатын.
Сондай-ақ қаулы жобасында мынадай өзгерістер көзделген:
тұрғылықты жері бойынша тұрмайтын анықталған адамдарға "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы" жүйелерінде мәртебе беріледі;
жеке тұлғалардың көрсетілген мекенжайда (бұзылған, жойылған, бөлшектелген) не ақпараттық жүйеде жоқ жылжымайтын мүлік объектілерінде тіркелгені анықталса, уәкілетті орган жүргізілген тексеріс нәтижелері туралы қорытынды негізінде жеке тұлғаларды тіркеуден шығарады.
Құжат 10 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Жаңалықтар
0