Екібастұздағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Photo : МЧС КазахстанаПо инфоомации ДЧС Павлодарской области пожар ликвидирован
По инфоомации ДЧС Павлодарской области пожар ликвидирован - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. Екібастұз қаласындағы газ құю станциясында болған өрт пен адам өліміне байланысты жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Қала әкімдігінің қаулысымен 23 жанар-жағармай және 11 газ құю станциясы қызметіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етеді. Құрамында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, жергілік полиция қызметінің бастығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, сәулет, мемлекеттік кірістер және санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармаларының басшылары бар. Жұмыс тобы бүгін міндетін атқаруға кірісті", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан адам өлімі тіркелуіне байланысты 2 қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтар
0