Елорда тынысы

Салонда жолаушылар болған: Астанада автобус жүргізушісі кенеттен қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
62 жастағы ер адамның жүрегі тоқтап қалған
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Астанада өз бағдары бойынша жолға шыққан қоғамдық көліктің жүргізушісі жүрегі тоқтап қайтыс болды.
Қайғылы оқиға бүгін, 27 шілде таңертең болды.
Елордалық полиция департаментінің ақпаратынша, "ИВЕКО" маркалы маршруттық автобусты басқарған 1961 жылғы жүргізуші Бөгенбай батыр даңғылымен Әуезов көшесіне қарай келе жатқанда рөлге ие бола алмай, жол белгісі мен жаяу жүргіншілер қоршауына соғылған.
Жүргізушіні оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен.
Полиция атап өткендей, қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспаған, автобус салонында отырған жолаушылар аман.
City Transportation Systems компаниясының ақпаратынша, жүргізуші есін жимастан ауруханада көз жұмды. Ер адамның жүрегі тоқтап қалған.

"Жүргізушінің жолаушылар көлігіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Ол демалыстан кейін екінші күн жұмыс істеген. Сағат 05:54-те рейс алдындағы медициналық тексерістен өтіп, желіге шыққан. Жол апаты салдарынан басқа зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

CTS марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Полиция бұл факті бойынша анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0