Алматының Медеу ауданында су беру кестесі әзірленді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. "Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және судан ажырату кестесін әзірледі, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі 27 шілде сағат 14.00-ден 28 шілде сағат 19.00-ге дейінгі кезеңде қолданыста болады.
Уақытша кесте резервуарларда суды толтыру үшін әзірленді:
27 шілдеде сағат 14: 00 –ден 28 шілдеде сағат 19.00-ге дейін Омаров көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде Керей-Жәнібек хандары көшесінің екі жағында орналасқан 25 КТК (көппәтерлі тұрғын үйлер);
"Достық резиденттері" ТК Митин 4, Чайкин көшесі 3, 3а, Достық даңғылы 296, 294/2, 290, 278, 276, Тайманов көшесі 222, 224, Достық даңғылы 248, 272, 274, 270, 268, 266, 123, 123/3, 123/2, 123/1, 121, 121/3, 121/1, 121/5;
27 шілдеде сағат 17: 00-ден 24.00-ге дейін "Есентай", "Ақ Бота", "Тау Шатыр", "ЛаВерде", "Блэкберри хиллс", Тайманов көшесі КТК (көппәтерлі тұрғын үй кешендері);
28 шілдеде сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үй;
Омаров көшесінің оңтүстігіндегі елді мекендерге су беру 28 шілде күні сағат 19:00-ге жоспарланған.
Сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жиналатын болады.
Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға және жағдайларға байланысты түзетіледі. Барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады.
Сумен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды. Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109.
"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болдаы: 274-66-66, +7 777 852 91 01.
Сондай-ақ ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселелері бойынша өтінімдер Медеу ауданы әкімі аппаратының мына нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.
Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі сусыз қалған аймақта 50 көппәтерлі үй, 4 047 жеке тұрғын үй бар.
Еске сала кетейік, мұздықтардың қатты еруінен сел жүріп, өзен жағалаулары шайылып, су лайланды. Су лайы кетіп, тазарғанда ғана беріледі. Өйткені фильтрлік станцияға суды тазаламай жіберсе техногендік апат болуы мүмкін.
Алматының үш ауданында ауыз су жоқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Алматылықтар аптап ыстықтың зардабын тартып жатыр – халық наразылық білдірді
Жаңалықтар
0