Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада тағы бір мәселе ушығып барады

© Gleb GaranichУкраинские военные. Архивное фото - рекар
Украинские военные. Архивное фото - рекар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
Бүгінде Киевке жіберілген әскери көмектің көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Еуропа мен АҚШ маңызды мәселеге алаңдап отыр. Бір елде қару-жарақтың күрт көбейгені өздеріне қауіпті. РИА Новости тілшісі Давид Нармания Украинада қару-жарақтың көбейгені несімен қауіпті екенін зерделеп шықты.
Былтыр көктемде Интерполдың басшысы Юрген Шток барлық қақтығыстарға ортақ бір мәселені көтерді. "Зеңбіректер тынышталған бойда заңсыз қару-жарақ ағыла бастайды. Біз оны жақсы білеміз, себебі көптеген қақтығыстардан кейін солай болған", - деді ол.
БАҚ-та жарияланып жатқан материалдарға қарағанда әскери іс-қимылдар жақын арада тоқтай қоймайды. Америкалық журналист Сеймур Херш RT-ге берген сұхбатында: "Украинамен шекаралас Польша, Румыния және тағы басқа мемлекеттерде қару-жарақ күрт көбейіп кетті. Соның бәрін біз әскери іс-қимыл жүргізу үшін Киевке жіберіп жатырмыз", - деп айтқан. Оның сөзіне қарағанда, сан алуан командирлер, генерал да емес, қатардағы полковниктер және тағы басқалар қару-жарақтың кезекті партиясын өздері алып, ары қарай қайта сатып отырған.
CNN Пентагонның бас инспекторы жазған есепте көрсетілген оқиғаларды жарияладын. Атап айтқанда 2022 жылы маусым айында Украинаның арнайы қызметтері бірнеше алыпсатардың қылмысын жасырған. Бұдан бөлек, өздерін ерікті деп таныстырған алаяқтар да ұсталды. Олар 17 мың доллардың бронды кеудешелерін үптеп кеткен. Ал ұлттық батальонның сарбаздары 60 автомат пен мың патрон ұрлап, қоймада сақтап келген. Болжамға сәйкес, олар барлық қару-жарақты қара нарықта сатып жіберуді көздеген.
Сондай-ақ CNN таратқан ақпаратқа сәйкес, Украина қарулы күштерінің қару-жарағын аты аталмай отырған "ресейлік шенеунікке бағынышты күштер" ұрлауға тырысқан.
Бір қызығы, бас инспектордың есебі 2022 жылдың ақпан-қыркүйек айларын қамтиды. Ол кезде Украинада америкалық инспекциялар жүргізілген жоқ. Олар Киев ұсынған ақпаратты ғана пайдаланды. Осы орайда АҚШ барлау қызметінің өкілі айтқан бір сөз еске түседі. "Қару-жарақ соғыс тұманына түскен кезде біз оның қай жерде жүргенін дөп басып айта алмаймыз. Бұл – үлкен қара құрдым", - деді ол.
Ал Military басылымы таратқан мәліметке сәйкес, америкалықтар қақтығыстың алғашқы сегіз айында Украинаның қарулы күштеріне мыңдаған "Стингер" мен "Джавелиннің" зымырандарын, он мыңнан астам граната атқыш, С-4 жарылғыш зат пен 59 миллион патрон жіберген. Бұдан бөлек, NASAMS зениттік зымыран кешені, HIMARS артиллерялық зымыран кешені, Phoenix Ghost дрондары сияқты күрделі жүйелер бар. Осының бәрін тиімді бақылау үшін сол жерде жүру керек.
Былтыр қараша айында тексерістер басталған. Дегенмен қару-жарақты жеткізу және бақылау шаралары әлі де дұрыс жүргізілмейді. АҚШ қорғаныс министрлігінің бас инспекторы да маусым айында "мыңдаған қару-жарақ пен оқ-дәріге қатысты қажетті есептің жоқ екенін" айтқан. Себебі Киевке жіберілген көмектің 60 проценті қажетті деңгейде бақыланбады. Ал кейбір жағдайларда ілеспе құжаттар да болмады. Америкалық әскерилер барғаннан кейін ғана жәшіктерін ашып, беріп жатқан заттарын көрген.
Мұхиттың арғы жағында отырған Киевтегі серіктестеріне сенбейтін сияқты. Конгрессте ылғи аудитті күшейту мәселесі көтеріледі. Бұны Байденнің қарсыластары – республикандықтар жиі қозғайды. Палата спикері Кевин Маккарти Украинаны қолдап отыр. Алайда қару-жарақты жеткізу бойынша карт-бланш беруге қарсы.
Ал еуропалықтарға байқап сөйлеуге тура келеді. "Әскери көмекті сынға алсаңыз, сізді бірден Ресейді қолдайтын лагерьге қосып жібереді. Біз қару-жарақты жеткізуге қарсы емеспіз. Иә, кей кезде ондай көмек біраз адамның өмірін сақтай алады, бірақ біз осы мәселенің кеңінен талқыланған қалаймыз", - дейді Stop Wapenhandel ("Қару-жарақ саудасын тоқтату") қозғалысының белсендісі Вендела де Врис. Оның пікірін голландиялық NRC Handelsblad басылымы жариялаған. Себебі Нидерланд билігі беріп жібергендерін мүлдем бақылап жатқан жоқ.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында аты жазылмаған бір америкалық зерттеушінің пікірі тарады. Оның ойынша, есірткі сатушылар қару-жарығын көбейтіп жатыр. Осы орайда сарапшы ауыр техника АҚШ қарсыластарының қолына түсуі мүмкін екенін де ескертті. Әскери техниканың ноу-хауларын да біліп қояды.
Заңсыз қару-жарақ саудасы – Киевтің бұрыннан қалған проблемасы. Global Organized Crime Index сайты атап көрсеткендей, 2014 жылдан кейін Украина Еуропадағы ірі қара нарықтардың біріне айналды.
Жаңалықтар
0