Балқашта бір жасар бала терезеден құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында бір жасар бала екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"26 шілдеде Балқаш қаласындағы 6-шағын ауданда оқыс оқиға болды: ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салды:
Кішкентай баланы жалғыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торына сенбеңіз;
Мүмкіндігінше терезені төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз;
Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыз;
Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіз;
Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыз, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;
Барлық жиһазды, соның ішінде төсектерді терезеден алыс жылжытыңыз;
Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;
Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіз.
Жаңалықтар
0