Астанада тағы үш көше жөндеуге жабылады

© Sputnik/Ертай СарбасовНа претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы
На претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Елордада үш көше жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмысына байланысты 26-30 шілде аралығында Шу көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойында қозғалыс толығымен жабылады.
26-28 шілде аралығында Қараменді би Шақалы көшесінің Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі аралығы жөндеуге байланысты жабылады.
26-27 шілде аралығында жол төсемін орташа жөндеуге байланысты Дауылпаз көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ақыртас көшесі толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Жаңалықтар
0