Ақтөбе облысында 3 киікті атып алған ауыл тұрғыны ұсталды

Киік - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 3 киікті атып алған ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"24 шілде ПБ кезекші бөліміне "Охотзоопром" инспекторынан Шілікті ауылында 34 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аң аулағаны үшін ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 3 киіктің тұтас етін, ИЖ планета мотоциклі мен пышақты тәркіледі.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2023
Өңірлер
Маңғыстауда киіктерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0