Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді: көлдердің деңгейі көтерілді

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Алматы тауларындағы мұздықтар соңғы 8 жылда бірінші рет күрт еріді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
Салдарынан тауда сел жүріп, бұрынғы өзен жыраларын жайпап кетті. Ал мамандар су деңгейін түсіріп әлекпіз дейді.
"Біз әуеден су деңгейін бақыладық, су көтерілген. Кіші Алматы өзені, басқа өзендер де арнасынан асып кеткен. Өзеннің жағасын шайып жатыр, сол себепті су лайланды. Күн күрт ысығандықтан тіпті мұздықтардың өзі лайланып кеткен", - дейді Алматы қалалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков.
Алматыда биылғыдай шіліңгір шілде осыдан 8 жыл бұрын болған. Яғни, жауапты мамандар дәл биылғыдай тығырыққа тірелген. Енді қалалық әкімдік күннің салқындауын күтіп отыр. Алайда синоптиктер Алматыда 28 шілдеде нөсер жауын жауады деп болжады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
1/2
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
2/2
Алматы тауларындағы мұздықтар күрт еріді
"28 шілдеде нөсер жауыннан сел жүруі мүмкін. Жалпы өзен деңгейін жіті бақылап отырмыз. Су деңгейін 4 метрге дейін түсіріп жатырмыз. 13 өзенді бақылауға алдық", - дейді ТЖД мамандары.
Айта кетері, шілдеде Алматы мен облыстың бірқатар таулы аймағында сел жүріп, жолдар жабылған болатын. Қазіргі күні барлық жол ашық.
Жаңалықтар
0