Алматы облысында биші қыз аяғынан айырылды: билік халықтың талабын орындады

© Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы
Алматы облысы Қарасай ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жазатайым оқиғадан кейін жол белгілері қойыла бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Абай ауылында көлік қаққан 9 жастағы биші қыздың аяғынан айырылғаны туралы жазған едік. Сол кезде ауыл тұрғындары билікке наразылығын жеткізді. Олардың айтуынша, жеткіншектің мүгедек боп қалуы тікелей биліктің кінәсі.
Өйткені ауылда ешбір жол белгісі жоқ. Тіпті аурухана маңына да қойылмаған. Ал күніне мыңдаған көлік Абай ауылын қақ ортасынан өтеді. 9 жастағы биші қыз бен анасын дәл осы жолда көлік қаққан.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы
Алматы облысы Қарасай ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Алматы облысы Қарасай ауданы
"БАҚ арқылы мәселе көтерілген соң үш күнде жолға жылдамдық бәсеңдеткіш орнатылды. Сіздерге рақмет! Ауыл әкімі содан кейін келіп халықпен кездесті. Кездесу қызу талқымен өтті. Өйткені халықтың осы жолға қатысты айтары өте көп. Енді жаяу жүргінші белгісін қоямыз деп жатыр", - дейді аяғынан айырылған биші қыздың туысы Жанат Чжан.
© Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы
Алматы облысы Қарасай ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2023
Алматы облысы Қарасай ауданы
Бұған дейін жол белгілерін орнатуды сұрап, әкімдіктің есігін талай тоздырған еді.
Жаңалықтар
0