Түні бойы үрлемелі матраста жатқан: Каспийде жоғалған қыздарды іздеу жұмысы аяқталды

© Sputnik / Илья НаймушинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Каспий теңізінде үрлемелі матраста отырғанүш қыз жоғалып кетті. Олар түні бойы ашық теңізде болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, жоғалған қыздар бүгін таңғы сағат 06:57-де жағалаудан 22 шақырым жерден табылды. Оларды "Сұңқар" кемесінің экипажы тауып, Ақтау теңіз портына жеткізді. Сол жерде алғашқы медициналық көмек және психологиялық қолдау көрсетілді.
"Қазтеңізкөлікфлот" ұлттық компаниясы" ЖШС мамандары құтқару операциясының қалай өткенін айтып берді.
"Кеше кешкі сағат 21:10-да "Қазтеңізкөлікфлот" ҰТКҚК" ЖШС диспетчерлік қызметіне үш қыздың жоғалғаны туралы ақпарат Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түсті. Оларды жел ашық теңізге үрлемелі матраспен бірге ұшырып әкеткен. Біз бірден төтенше жағдай бойынша жедел штабты шақырдық. Ақтау портында тұрған "Сұңқар" контейнер тасушы кемесі бірден іздестіру шарсы жүргізіліп жатқан жерге жіберілді", - дейді компания қызметкерлері.
Таңғы жетіге таман капитан И.В.Никитин басқаратын кеме экипажы жоғалған үш қызды тапты. Екеуі 16 жаста болса, үшіншісі 19-да. "Қазтеңізкөлікфлот" ұлттық компаниясы кеме экипажына алғыс білдіріп, атқарылған жұмыс үшін марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0