Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік зымырандар Дунайға не үшін ұшырылды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВоеннослужащие ЦВО проходят подготовку операторов БПЛА в зоне проведения СВО
Военнослужащие ЦВО проходят подготовку операторов БПЛА в зоне проведения СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
Ресей армиясы Қара теңіз бен Дунайдағы логистиканы біртіндеп жойып жатыр. Соның ішінде Украина қарулы күштерінің мұнай өнімдері сақталатын базалары, қару-жарақ қоймалары және тағы басқа әскери нысандар бар. Ал "Геранялар" мен "Оникстар" жеткізу желілерін жоюға кірісті. Румынияға дейін 300-ақ метр, ол жақта НАТО-ның шекарасы басталады, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
24 шілде күні Дунайдың бойындағы Рени қаласының үстімен 15 бірдей ресейлік "Герань-2" ұшқышсыз аппараты ұшып өтті. Измаил мен Вилковода жарылыстар болды. Сол кезде Украинаның "Оңтүстік" қолбасшылығы "порттағы кейбір нысандарға" соққы жасалғанын растады. Ал The New York Times шұғыл ақпарат таратып, "НАТО мүшелерімен тікелей конфронтацияның қаупі жоғары" екенін мәлімдеді. Бидайдың әлемдік бағасы 6 процентке өсуі мүмкін. Себебі Ресей астық келісімінен шығып кетті.
Дунайдың сол жағалауында орналасқан Рени қаласы Украинадағы өзен, теңіз, автомобиль мен теміржол қатынасының маңызды торабы болып саналады. 24 шілдеге дейін Одесса портының баламасы болған. Содан болар ресейлік әскердің соққылары Батысқа ауыр тиді, ал АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары гуманитарлық мәселені қозғай бастады. Алайда румындық "Adevărul" газетінің оқырмандары мәселенің мәнісін біледі, өз пікірлерін де ашық жазып жатыр. "Ресей бұдан былай украиналық астықтың экспорты деп, Батыстан Украинаға қару-жарақты жеткізуге жол бермейді. Осы жолы Киевке қолжетімді порт инфрақұрылымына жасалған жүйелі шабуыл оңтүстік жақтан қару-жарақ пен оқ-дәріні жеткізу жолын жауып тастауды көздейді", - дейді олар.
Бүгін Ресейдің федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко да қару-жарақты жеткізуге жол берілмейтінін мәлімдеді.
"Біз Қара теңіз акваториясын Украинаға қару-жарақты жеткізу үшін, сондай-ақ диверсиялық және террористік мақсатта пайдалануға жол бермейміз", - деді Матвиенко.
Бұған дейін 19 шілдеде ресейлік "Оникс" пен Х-22 зымырандары Одесса облысының кемежай инфрқұрылымын істен шығарды. Ал Қырым жағажайында орналасқан "Бастион" зымыран кешендері 21 шілдеде "Оникстармен" Затоктағы көпірді атқылап тастады. Украинаның қарулы күштері де әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ресейлік "Оникс" пен Х-22 зымырандарын ұстай алмай отырғанын мойындады.
Америкалықтар бұрын Дунай порттары арқылы Украинаның бір айда 2 миллион астық тасымалдағанын айтып отыр. Бірақ басты мәселе ол емес. Батыс қару-жарақ жеткізудің мықты әрі сенімді теңіз бен өзен жолдарын жасап қойған. Әрине, алдымен АҚШ-тан теңізбен Еуропаға жеткізеді. Ал Германия, Нидерланды пен Польша порттарынан ары қарай теміржол, автомобиль мен өзен қатынасымен Украинаға жөнелтіледі. Өзенмен ұзақтау болып кетеді, дегенмен қауіпсіз, сосын жүктің көлеміне шектеу жоқ. Роттердамнан Рейнмен жоғары қарай, одан кейін Майн – Дунай каналына түсу керек. Осылайша, Измаил мен Рениге дейін шамамен 10 күндей кетеді. Осы уақыттың ішінде бір кеме 7 000 тонна қару-жарақ пен оқ-дәріні жеткізе алады. Ондай жүктің көлемі теміржолдың төрт эшелонымен бірдей. Әрбіреуі 70 вагон, танкілер, бронды техника, артиллерия мен оқ-дәрісімен қоса алғанда солай шығады. Сол себепті Ресей Николаев, Одесса, Измаил мен Рени бағытында соққы жасауды үдетті.
Ресей қарулы күштері "Орталық" тобының қолбасшысы, генерал-лейтенант Андрей Мордвичев 23 шілде күні ресейлік телеарналардың біріне берген сұхбатында украиналық "қарсы шабуылдың" күзге дейін аяқталатынын айтты. Әскери іс-қимылдың мерзіміне қатысты сұраққа да жауап берді. "Біраз уақыт кетіруге тура келеді. Нақты бір мерзімін талқылай беруге болады. Шығыс Еуропа туралы айтатын болсақ... Онда, әрине, ұзақтау болады", - деді Мордвичев.
Ресейдің сенімді одақтасы – Беларусь 22 шілдеде қорғаныс заңнамасының трансформациясын аяқтады. Енді 292 заңға сәйкес, "әскери қызметшілерді, әскери ұйым мамандарын, өзге тұлғаларды ұжымдық қауіпсіздік пен халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Беларусь Республикасынан тыс жерге жіберуге болады". Демек, ресейлік және белорус әскери құрылымдары біріксе, қақтығысты тоқтата алады, деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Жаңалықтар
0