Қазақстанда үш айда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 69 адам көз жұмған

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. 2023 жылдың екінші тоқсанында өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмыскер зардап шегіп, оның 69-ы көз жұмған, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл ретте биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақат алу көрсеткіші 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ке төмендеді.
"Республиканың өндірістік аймақтарында жарақат алу көрсеткіші өте жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, Қарағанды облысында - 79 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 50 адам зардап шекті", - делінген хабарламада.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 21,8 % және құрылыс саласында – 10,6%.
Жазатайым оқиғаларға әкелген негізгі себептер:
зардап шегушінің абайсыздығы (33,3%);
өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%);
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%);
жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).
Ведомство атап өткендей, соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,5%-ке түсті.
Профилактика мен заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жаңаөзенде электрик жұмыс орнында көз жұмды
Жаңалықтар
0