https://sputnik.kz/20230725/pavlodar-oblysynyn-audanynda-iri-qara-mal-zhappay-qyrylyp-zhatyr-36981335.html
Павлодар облысында ірі қара мал қырылып жатыр
Павлодар облысында ірі қара мал қырылып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik.Павлодар облысының Железин ауданында ірі қара малдың жаппай қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды "Хабар 24". 25.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-25T07:00+0500
2023-07-25T07:00+0500
2023-07-25T12:26+0500
павлодар облысы
мал
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385578_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0ec37ce4162426bf258774a4b4dbc70d.jpg
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik.Павлодар облысының Железин ауданында ірі қара малдың жаппай қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды "Хабар 24". Башмачный ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 сиыр уланып қалды. Қазір мән-жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Малдың нақты неден қырылғаны зертханалық тексерістен кейін белгілі болады. Төрт түліктен сынама алынып, мамандарға тапсырылды. Сонымен қатар жайылымдық жердегі шөп, топырақ пен судың сынамалары алынды. Әзірге ірі қара "өрістен уланған" деген болжам бар. Себебі жақын маңда зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттармен өңделген картоп алқаптары орналасқан. Егер малдың қауіпті дерттен қырылғаны дәлелденсе, иесіне заң бойынша өтемақы төленуі тиіс. "Мал қырылған жайылым маңында картоп алқаптары бар. Бұл жердегі көкөністер пестицидтермен өңделген. Бұл зат малға аса зиян. Екіншіден, сиырлар "фитоулардан" улануы мүмкін. Жаңбырдан соң улы өсімдіктер шығады. Осындай 2 болжамымыз бар", - дейді ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35385578_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e2dc06034ff8e819ed01bc6f51615df9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, мал
Павлодар облысында ірі қара мал қырылып жатыр
07:00 25.07.2023 (жаңартылды: 12:26 25.07.2023) АСТАНА, 25 шілде - Sputnik.Павлодар облысының Железин ауданында ірі қара малдың жаппай қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды
"Хабар 24".
Башмачный ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 сиыр уланып қалды. Қазір мән-жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Малдың нақты неден қырылғаны зертханалық тексерістен кейін белгілі болады. Төрт түліктен сынама алынып, мамандарға тапсырылды. Сонымен қатар жайылымдық жердегі шөп, топырақ пен судың сынамалары алынды.
Әзірге ірі қара "өрістен уланған" деген болжам бар. Себебі жақын маңда зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттармен өңделген картоп алқаптары орналасқан. Егер малдың қауіпті дерттен қырылғаны дәлелденсе, иесіне заң бойынша өтемақы төленуі тиіс.
"Мал қырылған жайылым маңында картоп алқаптары бар. Бұл жердегі көкөністер пестицидтермен өңделген. Бұл зат малға аса зиян. Екіншіден, сиырлар "фитоулардан" улануы мүмкін. Жаңбырдан соң улы өсімдіктер шығады. Осындай 2 болжамымыз бар", - дейді ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.