Оралда дәретхана шұңқырынан 2 жасар қыздың мәйіті табылды

© Photo : Рixabay/ThomasWolterӘжетхана
Әжетхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Оралда екі жасар бүлдіршін дәретхана шұңқырына құлап көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бүлдіршін өз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап кеткен.
"Оқиға 21 шілдеде сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласындағы көше дәретханасынан 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды", - дейді ведомство.
Полицияның айтуынша, бүлдіршін үйінің ауласында ойнап жүрген.
"Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген балалар дереу ата-анасына айтқан. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, қыз бала жан тәсілім еткен. Олата-анасының қарауынсыз қалған", - дейді полиция.
Бұл факт полицияда жазатайым оқиға ретінде тіркелді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2022
Маңғыстауда екі бала шұңқырдағы суға батып кетті: олар әжесінің үйіне келе жатқан
Жаңалықтар
0