https://sputnik.kz/20230725/aao-aymagy-leopard-pen-bredlidin-ziratyna-aynaldy-36996923.html
АӘО аймағы "Леопард" пен "Брэдлидің" зиратына айналды
АӘО аймағы "Леопард" пен "Брэдлидің" зиратына айналды
Sputnik Қазақстан
Украина армиясының қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. НАТО жіберген әскери техникасының беделіне де айтарлықтай нұқсан келді. 4 маусымнан бері Ресейдің әскери... 25.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-25T08:04+0500
2023-07-25T08:04+0500
2023-07-28T10:34+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/07/19/36985583_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_d47260945e4c820e3cd1ffa14c191170.jpg
Украина армиясының қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. НАТО жіберген әскери техникасының беделіне де айтарлықтай нұқсан келді. 4 маусымнан бері Ресейдің әскери құрылымдары барлық бағытта 26 мың украиналық жауынгерді жапырып өтті. АҚШ пен НАТО-ның "Ресейді жеңу үшін" берген ондаған "Bradley" жауынгерлік машинасы мен "Leopard" танкісі жойылды. Ал Батыс шығынды есептеуге кірісті, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко. 23 шілде күні Ресей мен Беларусь президенттерінің кездесуінде Александр Лукашенко және Владимир Путин НАТО мен Украина қарулы күштерінің қыруар шығынға батқанын мәлімдеді. 22 шілдеде болған бір ғана шайқаста ресейлік әскерилер германиялық өндірістен шыққан 15 "Leopard" танкісін және АҚШ-та жасалған "Bradley" атты жаяу әскердің 20 жауынгерлік машинасын жойып тастады. Бұған дейін Владимир Путин батыс кураторларының Украина қарулы күштері өткізген қарсы шабуылдан көңілі қалғанын айтқан. Себебі жүздеген миллиард доллар мен еуро, қару-жарақтың түр-түрі, мыңдаған әскери кеңесшілер мен жалдамалы жауынгерлер жіберілсе де, нәтижесі көрінбей тұр.Американың "Military Watch" әскери журналы да Украинаның "Bradley" жауынгерлік машиналары үшін зиратқа айналып кеткенін де жазды. Бас кезінде оларды "танкілерді жоятын машина" деп атаған. Алайда 25 миллиметрлік зеңбірек те, танкілерге қарсы зымырандар да көмектеспей жатыр. Ресейдің қашықтан басқарылатын "Вихрь" зымырандары жауынгерлік "Bradley" машиналарын тесіп өтеді. АҚШ Украинаға ондай машиналардың 113 данасын берген. Иракта көтерілісшілер ондай әскери техниканы оп-оңай жағып жіберген. Сол кезде жүздеген Bradley отқа оранды.Германияның "Leopard" танкілерінен де пайда жоқ. Сенбі күні Запорожье бағытында ғана ресейлік әскер жеті "Леопардтың" көзін жойды. Тура сол жақта немістің "Bergepanzer2" атты құрышпен қапталған жөндеу-эвакуациялау машиналары мен америкалық М88А2 Hercules техникасы да жойылды. Осылайша, АҚШ пен Еуропаның әскери техникасы жаппай қырылып жатыр.Украинаның қарулы күштері Купянск, Қызыл Лиман мен Запорожье бағытында қатты шығынға ұшырады. Батыс та алаңдап кетті. Әсіресе, Ресейдің әскери-теңіз флотының дәлдігі жоғары зымырандармен Львов түбінде келісімшартпен келген шетелдік әскерилерді жойып жібергені ауыр тиді. Ол сарбаздардың басым бөлігі – поляктар мен немістер. Бұған дейін Яворовский әскери полигоны мен Хмельницкийдегі арсеналға да соққы жасалды. Осы жолы рРеРесейлік зымырандар Украина қарулы күштерінің жаяу әскер академиясының аумағына да жетті.Украинаның қарсы шабуылы болмай қалғаннан кейін АҚШ армиясының бастықтар штабтары біріккен комитетінің басшысы Марк Милли НАТО-ның барлау күштері сәтсіз әрекет еткенін мойындады. Американың "The Drive" басылымы майдандағы жағдайға талдау жасап, нақты ахуалды жариялады. Негізгі ойы: Украинаның қарулы күштері кең майданда күрделі жалпы әскери операцияларды жүргізе алмайды. Басты себебі: әскери құрылымдардың үйлесімділігі қажетті деңгейге жетпейді. АҚШ пен олардың одақтастары Украина қарулы күштерінің 17 бригадасын жалпы әскери маневрлерге үйреткен. Осылайша, 63 мың украиналық жауынгер дайындықтан өтті. Алайда қажетті деңгейге жетпеген сияқты.23 шілде күні Ресей қарулы күштері "Орталық" тобының қолбасшысы, генерал-лейтенант Андрей Мордвичев Киевтің жауынгерлік резервтері тамыздың аяғына дейін ғана жететінін мәлімдеді. Ал 2024 жылы көктемге қарай "бәрі аяқталады". Бұл - майданның қақ ортасында жүрген қолбасшының болжамы.Ал Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр өткен аптада майданның бірнеше учаскесінде Мелитополь мен Бердянск бағытында "шамамен бес миль квадраттың" азат етілгенін хабарлады. Батыста Киевке берілетін әскери көмектің көлемі мен форматына қатысты пікірталастар күшейіп келеді. АҚШ-тың көп жылдық және мағынасыз әскери операцияларының саны да көбейіп жатыр. Ирак, Ауғанстан, Ливия, Сирия...
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/19/36985583_30:0:2761:2048_1920x0_80_0_0_ac7673ace267f0dd1d1c321e80538e96.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Украина армиясының қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырады. НАТО жіберген әскери техникасының беделіне де айтарлықтай нұқсан келді. 4 маусымнан бері Ресейдің әскери құрылымдары барлық бағытта 26 мың украиналық жауынгерді жапырып өтті. АҚШ пен НАТО-ның "Ресейді жеңу үшін" берген ондаған "Bradley" жауынгерлік машинасы мен "Leopard" танкісі жойылды. Ал Батыс шығынды есептеуге кірісті, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
23 шілде күні Ресей мен Беларусь президенттерінің кездесуінде Александр Лукашенко және Владимир Путин НАТО мен Украина қарулы күштерінің қыруар шығынға батқанын мәлімдеді. 22 шілдеде болған бір ғана шайқаста ресейлік әскерилер германиялық өндірістен шыққан 15 "Leopard" танкісін және АҚШ-та жасалған "Bradley" атты жаяу әскердің 20 жауынгерлік машинасын жойып тастады. Бұған дейін Владимир Путин батыс кураторларының Украина қарулы күштері өткізген қарсы шабуылдан көңілі қалғанын айтқан. Себебі жүздеген миллиард доллар мен еуро, қару-жарақтың түр-түрі, мыңдаған әскери кеңесшілер мен жалдамалы жауынгерлер жіберілсе де, нәтижесі көрінбей тұр.
Американың "Military Watch" әскери журналы да Украинаның "Bradley" жауынгерлік машиналары үшін зиратқа айналып кеткенін де жазды. Бас кезінде оларды "танкілерді жоятын машина" деп атаған. Алайда 25 миллиметрлік зеңбірек те, танкілерге қарсы зымырандар да көмектеспей жатыр. Ресейдің қашықтан басқарылатын "Вихрь" зымырандары жауынгерлік "Bradley" машиналарын тесіп өтеді. АҚШ Украинаға ондай машиналардың 113 данасын берген. Иракта көтерілісшілер ондай әскери техниканы оп-оңай жағып жіберген. Сол кезде жүздеген Bradley отқа оранды.
Германияның "Leopard" танкілерінен де пайда жоқ. Сенбі күні Запорожье бағытында ғана ресейлік әскер жеті "Леопардтың" көзін жойды. Тура сол жақта немістің "Bergepanzer2" атты құрышпен қапталған жөндеу-эвакуациялау машиналары мен америкалық М88А2 Hercules техникасы да жойылды. Осылайша, АҚШ пен Еуропаның әскери техникасы жаппай қырылып жатыр.
Украинаның қарулы күштері Купянск, Қызыл Лиман мен Запорожье бағытында қатты шығынға ұшырады. Батыс та алаңдап кетті. Әсіресе, Ресейдің әскери-теңіз флотының дәлдігі жоғары зымырандармен Львов түбінде келісімшартпен келген шетелдік әскерилерді жойып жібергені ауыр тиді. Ол сарбаздардың басым бөлігі – поляктар мен немістер. Бұған дейін Яворовский әскери полигоны мен Хмельницкийдегі арсеналға да соққы жасалды. Осы жолы рРеРесейлік зымырандар Украина қарулы күштерінің жаяу әскер академиясының аумағына да жетті.
Украинаның қарсы шабуылы болмай қалғаннан кейін АҚШ армиясының бастықтар штабтары біріккен комитетінің басшысы Марк Милли НАТО-ның барлау күштері сәтсіз әрекет еткенін мойындады. Американың "The Drive" басылымы майдандағы жағдайға талдау жасап, нақты ахуалды жариялады. Негізгі ойы: Украинаның қарулы күштері кең майданда күрделі жалпы әскери операцияларды жүргізе алмайды. Басты себебі: әскери құрылымдардың үйлесімділігі қажетті деңгейге жетпейді. АҚШ пен олардың одақтастары Украина қарулы күштерінің 17 бригадасын жалпы әскери маневрлерге үйреткен. Осылайша, 63 мың украиналық жауынгер дайындықтан өтті. Алайда қажетті деңгейге жетпеген сияқты.
23 шілде күні Ресей қарулы күштері "Орталық" тобының қолбасшысы, генерал-лейтенант Андрей Мордвичев Киевтің жауынгерлік резервтері тамыздың аяғына дейін ғана жететінін мәлімдеді. Ал 2024 жылы көктемге қарай "бәрі аяқталады". Бұл - майданның қақ ортасында жүрген қолбасшының болжамы.
Ал Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр өткен аптада майданның бірнеше учаскесінде Мелитополь мен Бердянск бағытында "шамамен бес миль квадраттың" азат етілгенін хабарлады. Батыста Киевке берілетін әскери көмектің көлемі мен форматына қатысты пікірталастар күшейіп келеді. АҚШ-тың көп жылдық және мағынасыз әскери операцияларының саны да көбейіп жатыр. Ирак, Ауғанстан, Ливия, Сирия...