Қоғам

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің басшылары сотталды

© Photo : polisia.kzАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Шымкентте қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алып келген полиция командирлеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Антикор.
Шымкент қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшылары жемқорлық үшін 7 жылға сотталды.
"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ.Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды. Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды", - делінген хабарламада.
Сотталғандар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін қол астындағы қызметкерлерінен 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алған.
Бұдан бөлек, Әлімханов қарамағындағылар арқылы әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін Шымкент тұрғынынан 130 мың теңге заңсыз сыйақы алғаны анықталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2023
Шымкентте еңбек демалысында жүрген полиция басқармасының бастығы ұсталды
Жаңалықтар
0