Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-тың уақыты таусылып барады: Вашингтонның "бірнеше айы" қалды

© AFP 2024 / SPENCER PLATTПтицы летают над зданием Капитолия США 17 января 2021 года в Вашингтоне, архивное фото
Птицы летают над зданием Капитолия США 17 января 2021 года в Вашингтоне, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
Күні кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киев пен Батыс үшін жағымсыз жағдайдың қалыптасқанын ашық айтты. Оның сөзіне қарағанда, Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы "өте ауыр жүріп жатыр". Себебі "орыстар мықты қорғаныс ұстап отыр". Дегенмен Блинкен майдандағы украиналық әскерге сеніммен қарайды екен. "Бір-екі аптада бітетін нәрсе емес" екенін де мойындап тұр. Вашингтон "бірнеше ай" деп отыр, деп жазады РИА Новости.
Осы орайда заңды бір сауал туындайды. Бірнеше айдан кейін бітпесе, не болады? Америкалықтардың Украина армиясына деген сенімі жоғала ма? Блинкенге дейін "бірнеше айдың" әңгімесін басқа адамдар да айтқан. Ал Вильнюсте өткен НАТО саммитінде Киевке күзге дейін уақыт бергендер табылды. Оған дейін Батыс салған қыруар қаржының нәтижесін көрсету керек.
Бірақ осы мәселеге қатысты тағы бір пікір бар. Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы толығымен сәтсіздікке ұшыраса да, Батыстың ұстанымы өзгермейді. Себебі олар Ресейге қарсы соғыста Украинаға негізгі басымдық жасап отыр. Алайда НАТО-ның осы бір картасын қолдайтындар маңызды бір мәселені ескермей отырған сияқты.
Негізі, Ресей АҚШ-тың басты нысаны емес, олар Қытайды көздеп отыр. Бұның бәрі Вашингтонның әскери-саяси және сыртқы саяси стратегияларында ашық жазылған. Оның да өзіндік себебі бар.
Геосаясаттың арғы жағында экономика, нарықтар үшін күрес, ресурстар, технологиялық көшбасшылық және тағы басқа мәселелер жатыр. Оны айтпаса да белгілі. Ал Қытай әлемдегі бірінші экономикаға, яғни, АҚШ үшін басты қауіпке айналды. Басты бәсекелесті тұншықтыру керек, басқа амал жоқ. Мәскеу тұрғанда Бейжіңді алу қиын. Сол себепті алдымен Ресейді әлсірету керек.
Әрине, идеяның өзі тамаша. Украинадағы сценарий қалай өрбісе де, Ресей сыртқа ұзақ уақыт шыға алмай қалады. Ондайда ішкі мәселелерді шешуге көп уақыт кетеді. Ал белсенді сыртқы саясатты жүргізуге күш те, ресурс та қалмайды. Қытайдың басты серіктесі болмаса, АҚШ пен оның одақтастары өз қысымын күшейте алады. Алайда Мәскеу шиеленістің форматын өзгерте білді. Енді, Украинадан кімнің ұзаққа шыға алмай қалғанын дөп басып айту қиын. Ресей ме? Батыс па? НАТО-ға қарсы Ресейдің мүмкіндігін ұзақ талқылауға болады. Алайда АҚШ қазіргі шиеленісте маңызды бір нәрсені – уақытты жоғалтып жатыр.
Қазір 90-жылдар емес, америкалықтар бұрынғыдай жылдап жүре алмайды. Бір айдың өзі көп нәрсені шешеді. Бүгінде баламалы халықаралық құрылымдар бой көтеріп келеді. АҚШ-тың үстемдігі әлсіреп барады. Олар бұның бәрін жақсы түсінеді. Қытай да әрбір сағатты тиімді пайдаланып, қатты дайындалып жатыр. Осылайша, Украинада өткізген әрбір ай, апта, тіпті бір күннің өзі стратегиялық тұрғыда АҚШ-тың басты бағыты – қытайлық майдандағы жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде америкалықтар барын салып, уақытты созуға тырысып жатыр. Бейжіңге баратын делегациялар да көбейді.
Алайда АҚШ түбегейлі ештеңе өзгерте алмайды. Оларға Украинадан шығуға тура келеді. Себебі екі ауқымды шиеленіске қатысуға күш те, ресурс та жетпейді. Әрине, америкалықтар Украинадан кетсе, Ресейге барынша көп проблема қалдыруға тырысады. Оған "бірнеше айы" бар.
Жаңалықтар
0