https://sputnik.kz/20230723/zhas-galym-almaty-aporty-iissuyn-zhasap-shygardy-36947067.html
Жас ғалым "Алматы апорты" иіссуын жасап шығарды
Жас ғалым "Алматы апорты" иіссуын жасап шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Алматылық Гүлжан Түзелбаева жақында "Алматы апорты" деп аталатын иіссу жасап шығарды. Парфюмердің "Алматы раушаны", "Жусан" деп... 23.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-23T18:47+0500
2023-07-23T18:47+0500
2023-07-23T18:47+0500
қоғам
алматы
ғалым
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18730470_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_6b1870ba8982cef1086b9a9619ca74cb.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Алматылық Гүлжан Түзелбаева жақында "Алматы апорты" деп аталатын иіссу жасап шығарды. Парфюмердің "Алматы раушаны", "Жусан" деп аталатын коллекциясы да бар, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.Парфюмер болуды Гүлжан бала кезінен армандаған. Біздің елде мұндай мамандықты дайындамайды. Сондықтан мектеп бітірген соң, бойжеткен иіссудың отаны Францияға аттанады. Сол жақтағы парфюмериялық институтқа түсіп білім алып шығады. Қазір бірнеше иіссу топтамасының авторы. Зертханалық жұмыстарын Сәтбаев университетінде жасайды."Алматы апорты" иіссуына франциялық мамандардың өздері жоғары баға берген.Иіссудың алдымен формуласы жасалады. Яғни құрамын, мөлшерін анықтап алады. Бір тамшы артық не кем болса иіссу мүлдем өзеріп кетеді. Сондықтан өте ұқыптылық керек. Қазір оның зертханасында 20-ға жуық ингредиент бар. Әсіресе, алма, балқарағай, раушан, ваниль, апельсин иісіне негізделген концентраты ерекше.Қазірдің өзінде Гүлжан 60-қа жуық парфюм жасап шығарған. Оның арасында хош иісті балауыз бен үйге арналған жұпар да бар. Алдағы уақытта ол зауыт ашып, айына 10 000 дана парфюм өнімін шығаруды жоспарлап отыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/17/18730470_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_284221bb852e83b7e2ea0aac0040a3d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ғалым
Жас ғалым "Алматы апорты" иіссуын жасап шығарды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Алматылық Гүлжан Түзелбаева жақында "Алматы апорты" деп аталатын иіссу жасап шығарды. Парфюмердің "Алматы раушаны", "Жусан" деп аталатын коллекциясы да бар, деп хабарлайды
"Хабар 24" арнасы.
Парфюмер болуды Гүлжан бала кезінен армандаған. Біздің елде мұндай мамандықты дайындамайды. Сондықтан мектеп бітірген соң, бойжеткен иіссудың отаны Францияға аттанады. Сол жақтағы парфюмериялық институтқа түсіп білім алып шығады. Қазір бірнеше иіссу топтамасының авторы. Зертханалық жұмыстарын Сәтбаев университетінде жасайды.
"Маған парфюмның хош иісі бұрыннан ұнайды. Есімімді де Гүлжан деп тегін қоймаған шығар. Иісінен-ақ кез келген гүлді ажыратып айтып бере аламын. Алматы апортымен, жайқалған гүлімен танымал. Соны брендке айналдырғым келеді. Әрине жұмыс оңай емес. Шикізаттың біразын Франциядан алдырамыз. Концентраттың бір бөлігі осында жасалады", - дейді парфюмер Гүлжан Түзелбаева.
"Алматы апорты" иіссуына франциялық мамандардың өздері жоғары баға берген.
Иіссудың алдымен формуласы жасалады. Яғни құрамын, мөлшерін анықтап алады. Бір тамшы артық не кем болса иіссу мүлдем өзеріп кетеді. Сондықтан өте ұқыптылық керек. Қазір оның зертханасында 20-ға жуық ингредиент бар. Әсіресе, алма, балқарағай, раушан, ваниль, апельсин иісіне негізделген концентраты ерекше.
Қазірдің өзінде Гүлжан 60-қа жуық парфюм жасап шығарған. Оның арасында хош иісті балауыз бен үйге арналған жұпар да бар. Алдағы уақытта ол зауыт ашып, айына 10 000 дана парфюм өнімін шығаруды жоспарлап отыр.