Өңірлер

Ыстық судың берілуіне әсер етеді: Петропавлдағы ЖЭО-да құбыр өшірілді

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2023
Жазылу
№2 түтін құбыры 1965 жылы пайдалануға берілген. 2022 жылы күрделі жөндеуден өтті. Енді сараптама үшін оны бірнеше күнге өшіруді жоспарлап отыр
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Петропавлда энергетиктер ЖЭО-2 екінші мұржасының уақытша ажыратылуына байланысты тұрғындарға ыстық су беру параметрлерінің нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"24 шілде мен 30 шілде аралығында тексеру жүргізу үшін Петропавл ЖЭО-2 2 мұржасын пайдаланудан ажырату жоспарланып отыр. Осыған байланысты апта ішінде қала тұрғындары ыстық сумен жабдықтау параметрлерінің нашарлағанын сезінуі мүмкін", - деп хабарлады "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.
Компания азаматтардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
"Қазіргі таңда станцияда жүргізіліп жатқан жөндеу-алдын алу шараларының барлығы жылу беру маусымының тұрақты өтуіне бағытталған", - дейді энергетиктер.
Еске салсақ, Петропавл жылу электр орталығы, оның ішінде биіктігі 150 метр болатын алғашқы мұржа 1961 жылы іске қосылған. Өткен жылдың 20 наурызында ол опырылып, құлау кезінде станцияның 38 жастағы қызметкері қаза болды.
Құбыр қазандық цехын ішінара қиратты, соның салдарынан энергетика мамандарына бірінші кезекте қазандық агрегаттарын тоқтатуға тура келді. Бірнеше күн бойы петропавлдықтардың пәтерлеріне жылу берілмеді. Осы төтенше жағдайдан кейін станцияның жұмысы үнемі ақаумен істеп тұрды.
Салдарынан күннің салқындығына қарамастан 2021-2022 жылыту маусымы әдеттегіден ерте, яғни сәуір айының ортасында аяқталып, станция тарихындағы ең төтенше және қайғылы маусым деп танылды.
2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңі үшін станция жабдықтарының жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар әзірленді. Соның ішінде 2022 жылы 2 түтін құбырында күрделі жөндеу жұмыстары орындалып, 3 түтін құбырына тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде қалада жылыту маусымы күрделі ақаусыз қалыпты режимде өтті.
Қазір ЖЭО-2 нысанында жаңа түтін құбырының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңы – қазан айының басына дейін жалғасады. 2023 жылы темірбетон оқпанын толық тұрғызу жоспарланса, 1 түтін құбырын 2024 жылдың жазына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Биіктігі 180 метр дайын құрылыс нысаны қолданыстағы бір мұржаның (1965 жылы пайдалануға берілген 2 түтін құбыры) және бұзылған бір мұржаның орнын аламстырады. Барлық жұмыс аяқталған соң, станциядағы 12 қазандықтың жетеуі жаңа мұржаға қосылады.
Жаңалықтар
0