Өңірлер

Көлігіне рұқсат етілмеген жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

© SputnikПолицейская форма
Полицейская форма - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Түркістан облысында көлігіне рұқсат етілмеген қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Telegram парақшалардың бірінде Mercedes автокөлігіне рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті жарық сигналдарын орнатып, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген бейнежазба тараған болатын. Аймақтағы полиция департаментінің қызметкерлері видеоның мән-жайын анықтады.
"Оқиға Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының тас жолында болған. Көлік иесі – Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі және 603-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды". – делінген полиция хабарламасында.
Көлік айыптұраққа қойылды.
Жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.
Жаңалықтар
0