Жалған техникалық байқаулардың күші жойылады: Қазақстанда ережелер өзгерді

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуСотрудник сервисного центра осматривает автомобиль
Сотрудник сервисного центра осматривает автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
Егер тексерушілер кем дегенде бір олқылық тапса, барлық диагностикалық картасы жойылады
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Енді жалған техникалық байқаулар көлікті тексеруден өткізуге ерінген автокөлік жүргізушісі үшін ғана емес, сонымен қатар құжатта мөр басқан компания үшін де, оның барлық басқа клиенттері үшін де үлкен мәселе тудырады.
Қазақстанда техникалық байқаудан өту ережелерінде не өзгергені туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Заң бұзушылықтар мен жалған техникалық байқау жүргізгені анықталған жағдайда техникалық тексерудің диагностикалық карталары жойылады. Диагностикалық карта жойылған кезде автомобиль иесіне 1414 - тен техникалық тексеруден қайта өту қажеттілігі туралы SMS хабарлама жіберіледі", - делінген хабарламада.
Егер тексеру қағаздарының жалған екені анықталса, оператор компаниялардың жұмысы тоқтатылады, деп қосты ведомство. Бұл қазірдің өзінде нәтиже беруде, деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Оның айтуынша, 2021 жылы 249 орталық иесіне жүйеге қолжетімділік тоқтатылды, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 168-ге дейін төмендеді.
"Техникалық байқаудан өту ережелерін бұзған кезде тек техникалық байқау орталықтарының қожайындары ғана емес, сонымен қатар автокөлік иелерінің өздері де жауапты болады. Қазір техникалық байқау станциясының жұмысына шектеу қойылады, сондай-ақ осы ұйым берген барлық техникалық байқау деректері де жойылады", - деді ол.
Жаңа автомобильдердің иелеріне 7 жыл бойы техникалық байқаудан өтпеуге рұқсат берілген. Ал қалғандары техникалық байқау орталықтарында автокөлікті тексеруден өткізу қажет.
Айта кетейік, техникалық байқаудан өтпегені үшін әкімшілік айыппұл 5 АЕК-ті (айлық есептік көрсеткіш, 17 250 теңге) құрайды.
Легализация иностранных авто в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Шетелдік көліктерді техникалық байқаудан өткізуге болады - министрлік
Жаңалықтар
0