https://sputnik.kz/20230721/urzhar-auezhayynyn-ushu-qonu-zholagy-zhanartyldy-36915010.html
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Абай облысында Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі. 21.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-21T11:04+0500
2023-07-21T11:04+0500
2023-07-21T11:04+0500
өңірлер
әуежай
алакөл
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36915183_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_579e30e4cdb70688a929b6d437a51de5.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Абай облысында Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына пайдалануға берілген кезден бастап, яғни 2008 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты 2020 жылы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы жасалды."Облыс орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және тағы басқа жұмыстар атқарылды", - делінген хабарламада.Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 2100 метр. Қайта құрудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды.Айта кетері, туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" әуе компаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал Qazaq Air Астана қаласына әуе рейстерін ашты. Билеттердің бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген.
https://sputnik.kz/20230419/qazaq-air-astana-alakol-aue-reysteri-34108391.html
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36915183_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_a16d0e7894de7e2003530b08723c3849.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, алакөл
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Абай облысында Үржар ауылының әуежайын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Үржар әуежайының ұшу-қону жолағына пайдалануға берілген кезден бастап, яғни 2008 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Осыған байланысты 2020 жылы әуежайдың ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта құру жобасы жасалды.
"Облыс орталығының әуе айлағы үшін ұшу-қону жолағын, такси жолын, перронды қайта жаңарту, жарық белгі беру жабдығын орнату, периметрлік қоршау және тағы басқа жұмыстар атқарылды", - делінген хабарламада.
Бүгінде жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы – 2100 метр. Қайта құрудан кейін Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER сияқты әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды.
"Осылайша, модернизациядан кейін Үржар ауылының әуежайында шағын авиациялық ұшақтарды ғана емес, сонымен қатар Embraer, Bombardier және тағы басқа санаттағы ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды", - дейді әкімдіктегілер.
Айта кетері, туристік маусым кезінде "Оңтүстік аспан" әуе компаниясы Алматы және Семей қалаларына, ал Qazaq Air Астана қаласына әуе рейстерін ашты. Билеттердің бағасы субсидиялау есебінен төмендетілген.