Өңірлер

Шымкенттік бойжеткен опа-далап салатын сөмкесінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған

© Sputnik / Anar MustafayevӘйел, кісен
Әйел, кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Шымкентте косметика салатын сөмкесінде аса ірі көлемде мефедрон сақтаған бойжеткен үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Еңбекші ауданының тұрғындары көшелердің бірінен есірткі салынған бумаларды іздеп жүрген жастарға шағымданып, полицияға жүгінген.
Полицейлердің айтуынша, тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру кезінде жас қыздың косметика салатын сөмкесінен ішінде ұнтақ тәрізді зат бар бес бума табылған. Сараптама бұл жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын синтетикалық есірткі "мефедрон" екенін анықтады.
Ол 6 доза көлеміндегі қызғылт түсті "ұнтақ" бумасын жолдан тауып алғанын, содан кейін оның бір дозасын досымен бірге қолданып, қалғанын сөмкесіне салғанын айтты.
Құқықбұзушылық "Сату мақсатынсыз аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз пайдалану" ретінде тіркелді.
Сот тұрғынды ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Өңірлер
Ақмола тұрғыны үйінде есірткі сақтаған: күдікті жеті жылға сотталуы мүмкін – видео
Жаңалықтар
0