Құранды қорлау акциялары: Катар Швеция елшісіне наразылық меморандумын тапсырды

© Photo : Рixabay/ Tariq AbroКоран
Коран - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Скандинавия елінде Құранды бірнеше рет қорлау фактісіне байланысты наразылық білдіру үшін Катардың сыртқы істер министрлігі Швеция елшісін шақырды, деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Катар сыртқы істер министрлігі Исламға және Құранға қарсы жалғасып жатқан теріс әрекеттерге байланысты Швеция елшісін шақырып, оған ресми наразылық меморандум тапсырылғанын хабарлайды. Бұл меморандумда Швеция билігін осы теріс әрекеттерді тоқтатуға шақырған үндеу де бар", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Маусым айының соңында Стокгольмде Құрбан айтты тойлау кезінде Құранды қорлаған және өртеген акция өтті. Бұл әлемнің көптеген елінде шу тудырды.
Бірқатар ислам мемлекеті Швеция билігінің әрекетін қатаң сынға алды. Иракта елдің елшілігінде жаппай наразылық шерулері өтті, наразы халық иммигрантты жазалау үшін сотқа беруді талап етті.
Алжир, Ауғанстан, Мысыр, Индонезия, Ливан, Сирия, Түркия, Өзбекстан, Араб мемлекеттері Лигасының бас хатшысы Ахмед Абул Гейт және Парсы шығанағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Джасем әл-Будайве де бұл әрекетті сынады. Иордания мен БАӘ сыртқы істер министрліктері наразылық нотасын тапсыру үшін Швеция елшілерін ведомствоға шақырды.
Сонымен бірге Швецияда діни кітаптарға зиян келтіретін бірқатар әрекетке рұқсат етілгені туралы ақпарат пайда болды.
шелпек - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2019
Жұмаға кеңес: аудиотаспадағы Құранды оқыса, жеті шелпек қабыл бола ма?
Жаңалықтар
0