https://sputnik.kz/20230721/ministrlikter-uyinde-azamattardy-qabyldau-ortalygy-ashyldy-36912241.html
Министрліктер үйінде Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Министрліктер үйінде Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар орталықта министрлердің жеке қабылдауына жазыла алады 21.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-21T08:21+0500
2023-07-21T08:21+0500
2023-07-21T08:21+0500
қоғам
қабылдау
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36911426_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_77ff8799b558a6e1eaafda066167035c.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Астанадағы Министрліктер үйінде Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады. Орталық 16-шы кіреберісте орналасқан, деп хабарлайды primeminister.kz.Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру. Ал оның жұмысының негізгі қағидаттары – клиентке бағдарлану, өтініш берушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жалпы осы салаға жаңа стандарттарды енгізу.Орталық алаңында апта сайын 18 министрліктің өкілдері азаматтарды жеке қабылдайды, кесте үкімет сайтында алдын ала жарияланады. Бұл ретте өңірлердің тұрғындарына елордаға арнайы келудің қажеті жоқ, өйткені оларды онлайн-форматта да қабылдай алады.Жаңа орталықтың базасында цифрлық ХҚКО іске қосылды, ол арқылы онлайн режимінде 1220 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.Айта кетері, орталықта әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамада, қылмыстық іс жүргізу немесе азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштер қабылданбайды. Бұл мәселелер бойынша азаматтар тиісті құқық қорғау немесе сот органдарының фронт-офистеріне жүгінуге тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/15/36911426_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ac31979476161dc1eec77ad75c03b5da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабылдау
Министрліктер үйінде Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды
Қазақстандықтар орталықта министрлердің жеке қабылдауына жазыла алады
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Астанадағы Министрліктер үйінде Азаматтарды қабылдау орталығы өз жұмысын бастады. Орталық 16-шы кіреберісте орналасқан, деп хабарлайды
primeminister.kz. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру. Ал оның жұмысының негізгі қағидаттары – клиентке бағдарлану, өтініш берушілерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жалпы осы салаға жаңа стандарттарды енгізу.
"Орталықта қазақстандықтар өздеріне ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомство өкілдерінен, медиаторлар және заң мамандарынан кеңес ала алады. Сонымен қатар мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігіне ие болады", - делінген хабарламада.
Орталық алаңында апта сайын 18 министрліктің өкілдері азаматтарды жеке қабылдайды, кесте үкімет сайтында алдын ала жарияланады. Бұл ретте өңірлердің тұрғындарына елордаға арнайы келудің қажеті жоқ, өйткені оларды онлайн-форматта да қабылдай алады.
Жаңа орталықтың базасында цифрлық ХҚКО іске қосылды, ол арқылы онлайн режимінде 1220 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.
Айта кетері, орталықта әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамада, қылмыстық іс жүргізу немесе азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштер қабылданбайды. Бұл мәселелер бойынша азаматтар тиісті құқық қорғау немесе сот органдарының фронт-офистеріне жүгінуге тиіс.