Қарағандылық дәрігерлер баланың мұрнынан 10 тірі құрт алып шықты

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Жазылу
ҚАРАҒАНДЫ, 20 шілде - Sputnik. Қарағандылық дәрігерлер баланың мұрнынан 10 тірі құрт алып шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бала 18 шілдеде ауруханаға келген. Баланың мұрнынан қан ағып, 4-5 күн бойы жағымсыз иіс кетпеген.
"Бала 19 шілдеде ауруханаға жатқызылды. Тексеру кезінде оң жақ мұрын жолында бөгде зат, атап айтқанда губка және тірі құрттар табылды. Бұл баланың мұрнында қанша уақыт болғаны белгісіз", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың мұрын қуысын механикалық тазартудан өткізіп жатыр. Сонымен қатар жалпы анестезиямен мұрын жолдары мен синустарды эндоскопиялық қайта қарау жоспарланған.
"Сондай-ақ баланың өңеш пен синусы тексерілді. Фарингоскопияда ешқандай ерекшеліктер табылған жоқ, тамағынан ас еркін өтеді, дауысы анық және еркін естіледі, бала белсенді түрде қозғалады, ширақ", - дейді дәрігерлер.
Ақ халаттылардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет кездескен. Медициналық мекемеге жүгінгенге дейін бала әжесінің бақылауында болған. Бірақ мұрны не болмаса басқа жері ауыратынын айтып, ешқашан шағымданбапты.
Жаңалықтар
0