Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Көлікпен саяхаттауға арналған әлемнің ең әдемі тас жолдары – фото

Жазылу
Тундра, тау жоталары, қорғалатын аумақтар, теңіз жағалауы арқылы ұзыннан-ұзын созылып жатқан жолдар. Автокөлікпен саяхатқа шығуға болатын ең әсерлі жолдардың суреттерін тамашалаңыздар!
CC BY 2.0 / Xiquinhosilva / Zhangjiajie

Қытайдағы Тяньмэнь тау жолы әлемдегі ең әдемі жолдардың бірі саналады – ұзындығы шамамен 11 шақырым болатын иілгіш серпантин киелі тау көрінісіне жол ашатын 99 күрделі бұрылыстан тұрады.

Қытайдағы Тяньмэнь тау жолы әлемдегі ең әдемі жолдардың бірі саналады – ұзындығы шамамен 11 шақырым болатын иілгіш серпантин киелі тау көрінісіне жол ашатын 99 күрделі бұрылыстан тұрады. - Sputnik Қазақстан
1/12

Қытайдағы Тяньмэнь тау жолы әлемдегі ең әдемі жолдардың бірі саналады – ұзындығы шамамен 11 шақырым болатын иілгіш серпантин киелі тау көрінісіне жол ашатын 99 күрделі бұрылыстан тұрады.

© Photo : Unsplash/Nigel Tadyanehondo

Фуркапас биік тау жолы Швейцария Альпілеріндегі аттас асудан өтеді. Ауа райы қолайлы кезде бұл тас жолмен көлікпен ғана емес, сонымен қатар велосипедпен де серуендеуге болады.

Фуркапас биік тау жолы Швейцария Альпілеріндегі аттас асудан өтеді. Ауа райы қолайлы кезде бұл тас жолмен көлікпен ғана емес, сонымен қатар велосипедпен де серуендеуге болады. - Sputnik Қазақстан
2/12

Фуркапас биік тау жолы Швейцария Альпілеріндегі аттас асудан өтеді. Ауа райы қолайлы кезде бұл тас жолмен көлікпен ғана емес, сонымен қатар велосипедпен де серуендеуге болады.

© Photo : Public domain/Werner Bayer

Намибия шөліндегі Соссусфлейге апаратын жолдың көрінісі. Тас жолдың айналасын құм төбелері қоршап тұр.

Намибия шөліндегі Соссусфлейге апаратын жолдың көрінісі. Тас жолдың айналасын құм төбелері қоршап тұр. - Sputnik Қазақстан
3/12

Намибия шөліндегі Соссусфлейге апаратын жолдың көрінісі. Тас жолдың айналасын құм төбелері қоршап тұр.

© Sputnik / Andrey Kasprishin / Медиабанкке өту

"Шу даңғыл жолы" әлемдегі ең әдемі автомобиль жолдары тізіміне енген. Жол Ресейдің ең көркем аймақтарының бірі – Алтайда орналасқан. Жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлі тау пейзаждарына көз тоймайды. Жолдың ұзындығы 589 шақырымды құрайды.

"Шу даңғыл жолы" әлемдегі ең әдемі автомобиль жолдары тізіміне енген. Жол Ресейдің ең көркем аймақтарының бірі – Алтайда орналасқан. Жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлі тау пейзаждарына көз тоймайды. Жолдың ұзындығы 589 шақырымды құрайды. - Sputnik Қазақстан
4/12

"Шу даңғыл жолы" әлемдегі ең әдемі автомобиль жолдары тізіміне енген. Жол Ресейдің ең көркем аймақтарының бірі – Алтайда орналасқан. Жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлі тау пейзаждарына көз тоймайды. Жолдың ұзындығы 589 шақырымды құрайды.

© Photo : Unsplash/Shakeel Ahmad

Қарақорым автомобиль жолы Ұлы Жібек жолының көне бағдары арқылы өтеді. Тау арасында орналасқан ең биік халықаралық тас жолмен жүріп өткен саяхатшы Пәкістан мен Батыс Қытайдың таңғажайып жабайы табиғатын тамашалай алады. Бір жарым мың шақырымға жуық асфальт жол планетаның ең биік тауларының мәңгілік мұзы арқылы, түбі көрінбейтін шатқалдар мен асау тау өзендерінің бойымен өтеді.

Қарақорым автомобиль жолы Ұлы Жібек жолының көне бағдары арқылы өтеді. Тау арасында орналасқан ең биік халықаралық тас жолмен жүріп өткен саяхатшы Пәкістан мен Батыс Қытайдың таңғажайып жабайы табиғатын тамашалай алады. Бір жарым мың шақырымға жуық асфальт жол планетаның ең биік тауларының мәңгілік мұзы арқылы, түбі көрінбейтін шатқалдар мен асау тау өзендерінің бойымен өтеді. - Sputnik Қазақстан
5/12

Қарақорым автомобиль жолы Ұлы Жібек жолының көне бағдары арқылы өтеді. Тау арасында орналасқан ең биік халықаралық тас жолмен жүріп өткен саяхатшы Пәкістан мен Батыс Қытайдың таңғажайып жабайы табиғатын тамашалай алады. Бір жарым мың шақырымға жуық асфальт жол планетаның ең биік тауларының мәңгілік мұзы арқылы, түбі көрінбейтін шатқалдар мен асау тау өзендерінің бойымен өтеді.

© Photo : Unsplash/Kent Tupas

Әбу-Дабидегі (БАӘ) Джебель Хафит тауына апаратын тегіс жолмен көлік немесе велосипедпен жүруге болады. Тауда көптеген жануар, жәндіктер, сирек кездесетін құстар мен бауырымен жорғалаушылар мекен етеді. Бұл тау ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген және оны әлем кереметтерінің біріне теңестіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Әбу-Дабидегі (БАӘ) Джебель Хафит тауына апаратын тегіс жолмен көлік немесе велосипедпен жүруге болады. Тауда көптеген жануар, жәндіктер, сирек кездесетін құстар мен бауырымен жорғалаушылар мекен етеді. Бұл тау ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген және оны әлем кереметтерінің біріне теңестіру мәселесі қарастырылып жатыр. - Sputnik Қазақстан
6/12

Әбу-Дабидегі (БАӘ) Джебель Хафит тауына апаратын тегіс жолмен көлік немесе велосипедпен жүруге болады. Тауда көптеген жануар, жәндіктер, сирек кездесетін құстар мен бауырымен жорғалаушылар мекен етеді. Бұл тау ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген және оны әлем кереметтерінің біріне теңестіру мәселесі қарастырылып жатыр.

CC BY 3.0 / Aplesnin Mikhail / European route E105/Russian route M18 «Kola» in the area near Polyarnye Zori. View to north-east, to Khibiny Mountains

М18 "Кола" тас жолы Санкт-Петербургтен Петрозаводск арқылы Мурманскке және одан әрі Норвегия шекарасына апарады. Бұл таңғажайып жол жазықтар, ормандар, тундра және таулар арқылы өтеді және Нева, Волхов, Свир, Оланка сынды көптеген өзенді кесіп өтеді. Жол бойы көпірлерді, сәулет ескерткіштерін, көне ғибадатханалар және қорғалатын аймақтарды кездестіруге болады.

М18 "Кола" тас жолы Санкт-Петербургтен Петрозаводск арқылы Мурманскке және одан әрі Норвегия шекарасына апарады. Бұл таңғажайып жол жазықтар, ормандар, тундра және таулар арқылы өтеді және Нева, Волхов, Свир, Оланка сынды көптеген өзенді кесіп өтеді. Жол бойы көпірлерді, сәулет ескерткіштерін, көне ғибадатханалар және қорғалатын аймақтарды кездестіруге болады. - Sputnik Қазақстан
7/12

М18 "Кола" тас жолы Санкт-Петербургтен Петрозаводск арқылы Мурманскке және одан әрі Норвегия шекарасына апарады. Бұл таңғажайып жол жазықтар, ормандар, тундра және таулар арқылы өтеді және Нева, Волхов, Свир, Оланка сынды көптеген өзенді кесіп өтеді. Жол бойы көпірлерді, сәулет ескерткіштерін, көне ғибадатханалар және қорғалатын аймақтарды кездестіруге болады.

© Photo : Public domain

Италиядағы Амальфи жағалауы. Жол шығанақтар, жағажайлар, жүзім және зәйтүн алқаптары, лимон ағаштары егілген төбелер арқылы тау жартасының бойымен өтеді және жол үнемі теңізге қарай төмен түседі, біресе тауға қарай көтеріледі. Бірегей Амальфи жағалауы да ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген.

Италиядағы Амальфи жағалауы. Жол шығанақтар, жағажайлар, жүзім және зәйтүн алқаптары, лимон ағаштары егілген төбелер арқылы тау жартасының бойымен өтеді және жол үнемі теңізге қарай төмен түседі, біресе тауға қарай көтеріледі. Бірегей Амальфи жағалауы да ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген. - Sputnik Қазақстан
8/12

Италиядағы Амальфи жағалауы. Жол шығанақтар, жағажайлар, жүзім және зәйтүн алқаптары, лимон ағаштары егілген төбелер арқылы тау жартасының бойымен өтеді және жол үнемі теңізге қарай төмен түседі, біресе тауға қарай көтеріледі. Бірегей Амальфи жағалауы да ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енген.

© Photo : Unsplash/Wee Ping Khoo

Австралияның Виктория штатындағы Ұлы мұхит жолы – туристер жиі келетін әйгілі көрнекі нысан. Жол жүзімдіктер мен жаңбырлы ормандар арқылы өтеді. Ол жағалаудағы Торквей қаласынан басталып, жағалау бойымен Аллансфорд елді мекеніне дейін созылады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер таңғажайып көріністерді тамашалауға келеді.

Австралияның Виктория штатындағы Ұлы мұхит жолы – туристер жиі келетін әйгілі көрнекі нысан. Жол жүзімдіктер мен жаңбырлы ормандар арқылы өтеді. Ол жағалаудағы Торквей қаласынан басталып, жағалау бойымен Аллансфорд елді мекеніне дейін созылады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер таңғажайып көріністерді тамашалауға келеді. - Sputnik Қазақстан
9/12

Австралияның Виктория штатындағы Ұлы мұхит жолы – туристер жиі келетін әйгілі көрнекі нысан. Жол жүзімдіктер мен жаңбырлы ормандар арқылы өтеді. Ол жағалаудағы Торквей қаласынан басталып, жағалау бойымен Аллансфорд елді мекеніне дейін созылады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен туристер таңғажайып көріністерді тамашалауға келеді.

CC BY 2.0 / Hưng Hồ Bá / Hải Vân Pass

Аннам тауларындағы Хайван асуы – Вьетнамдағы ең керемет тау жолдарының бірі. Бұл жерден жасыл кілем секілді төселіп жатқандай таулар мен мөлдір көгілдір су түйіскен жерді тамашалауға болады. Дегенмен Хайван асуы әрқашан қауіпті жолдарымен танымал.

Аннам тауларындағы Хайван асуы – Вьетнамдағы ең керемет тау жолдарының бірі. Бұл жерден жасыл кілем секілді төселіп жатқандай таулар мен мөлдір көгілдір су түйіскен жерді тамашалауға болады. Дегенмен Хайван асуы әрқашан қауіпті жолдарымен танымал. - Sputnik Қазақстан
10/12

Аннам тауларындағы Хайван асуы – Вьетнамдағы ең керемет тау жолдарының бірі. Бұл жерден жасыл кілем секілді төселіп жатқандай таулар мен мөлдір көгілдір су түйіскен жерді тамашалауға болады. Дегенмен Хайван асуы әрқашан қауіпті жолдарымен танымал.

CC BY 2.0 / Bob Haarmans / Bryce Canyon Utah

Теңіз деңгейінен шамамен 2440 метр биіктікте орналасқан АҚШ-тағы Брайс-Каньон саябағындағы жол ең керемет және көркем жолдардың бірі. Мұндағы пішіні қызықты таулы түзілістер бар және каньондардың керемет көріністерін тамашалуға болатын шолу алаңдары бар.

Теңіз деңгейінен шамамен 2440 метр биіктікте орналасқан АҚШ-тағы Брайс-Каньон саябағындағы жол ең керемет және көркем жолдардың бірі. Мұндағы пішіні қызықты таулы түзілістер бар және каньондардың керемет көріністерін тамашалуға болатын шолу алаңдары бар. - Sputnik Қазақстан
11/12

Теңіз деңгейінен шамамен 2440 метр биіктікте орналасқан АҚШ-тағы Брайс-Каньон саябағындағы жол ең керемет және көркем жолдардың бірі. Мұндағы пішіні қызықты таулы түзілістер бар және каньондардың керемет көріністерін тамашалуға болатын шолу алаңдары бар.

© Photo : Unsplash/Adelin Grigorescu

Румыниялық Трансфагараш немесе Норвегиядағы Тролльдер жолы – Еуропадағы ең әдемі және ең қауіпті жолдардың бірі. Ол өткір тау шыңдарының аясында созылып жатыр. Бұл тауда Быля тау көлі мен сарқырамасы және Дракула резиденциясы ретінде белгілі Поенарь бекінісі сынды Румынияның басқа көрікті жерлері орналасқан.

Румыниялық Трансфагараш немесе Норвегиядағы Тролльдер жолы – Еуропадағы ең әдемі және ең қауіпті жолдардың бірі. Ол өткір тау шыңдарының аясында созылып жатыр. Бұл тауда Быля тау көлі мен сарқырамасы және Дракула резиденциясы ретінде белгілі Поенарь бекінісі сынды Румынияның басқа көрікті жерлері орналасқан. - Sputnik Қазақстан
12/12

Жаңалықтар
0