https://sputnik.kz/20230720/astana-chempiondar-ligasynyn-ekinshi-kezenine-otti-36892482.html
"Астана" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті
"Астана" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті
"Астана" екі минуттың ішінде екі гол соғып, жеңіске жетті 20.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-20T08:30+0600
2023-07-20T08:30+0600
2023-07-20T08:34+0600
футбол
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/966/22/9662288_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_5747a56130dce5bf23393bfa9cf04762.jpg
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Елордалық "Астана" УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымтаойынында сырталаңда тбилисилік "Динамоны" 2:1 есебімен ұтты.Кездесу Борис Пайчадзе атындағы "Динамо Арена" стадионында өтті. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 21-минутта "Динамо" шабуылшысы Усман Камара гол соқты.Үзілістен кейін "Астана"ойынның бағытын өзгертті. Алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков есепті теңестірсе, араға бір минут салып Дембо Дарбо командасыналға шығарды.Еске салакетейік, командалардың Қазақстандағы алғашқы кездесуі "Астана Аренада" өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.Осылайша, "Астана" жалпы есепте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтсе, "Динамо" Чемпиондар лигасынан шығып қалды.Екінші турда "Астана"Загребтің "Динамосымен" ойнайды. Бірінші ойын 25/26 шілдеде, ал қарымта ойын 1/2 тамызда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/966/22/9662288_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_f6daafe89ffedaa61c4db6ddddf33ba1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
футбол
"Астана" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне өтті
08:30 20.07.2023 (жаңартылды: 08:34 20.07.2023) "Астана" екі минуттың ішінде екі гол соғып, жеңіске жетті
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Елордалық "Астана" УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымтаойынында сырталаңда тбилисилік "Динамоны" 2:1 есебімен ұтты.
Кездесу Борис Пайчадзе атындағы "Динамо Арена" стадионында өтті. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 21-минутта "Динамо" шабуылшысы Усман Камара гол соқты.
Үзілістен кейін "Астана"ойынның бағытын өзгертті. Алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков есепті теңестірсе, араға бір минут салып Дембо Дарбо командасыналға шығарды.
Еске салакетейік, командалардың Қазақстандағы алғашқы кездесуі "Астана Аренада" өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Осылайша, "Астана" жалпы есепте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтсе, "Динамо" Чемпиондар лигасынан шығып қалды.
Екінші турда "Астана"Загребтің "Динамосымен" ойнайды. Бірінші ойын 25/26 шілдеде, ал қарымта ойын 1/2 тамызда өтеді.