Өңірлер

Ақтөбе облысында әйелімен жандалдасқан еркек бейтаныс адамға оқ атты

© Sputnik / Табылды КадырбековПистолет
Пистолет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 шілде - Sputnik. Ақтөбе облысы Хромтау қаласында ер адам көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс біреуге оқ атқан, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
50 жастағы ер адам мас болған. Әйелімен жанжалдасып, түн ішінде үйден шыққан ол өз бетімен кетіп бара жатқан адамға оқ атқан.
"Түнгі сағат 02:00 шамасында полицияның 102 пультіне Жұбанов көшесінде өтіп бара жатқан адамға оқ атылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Күдіктіні полиция дереу ұстады. Атылған оқ жәбірленушінің иығынан тиген", - дейді Ақтөбе облысы полиция департаменті тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрболат Сұлтанов.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Өңірлер
Ер адам ауылдасынан кек алу үшін көлігіне бірнеше рет оқ атқан
Жаңалықтар
0