Видео

Жабайы қабандар велосипедшіні қағып құлатты – видео

Жазылу
Спортшылар қала сыртындағы жаттығу кезінде тосынсыйға тап болды. Қалың шөптің арасынан атып шыққан жабайы қабандар оларды қағып өтіп, жерге құлатты.
Видеодан егістіктің арасындағы тас жолмен келе жатқан велосипедшілер командасынкөруге болады. Жол бойындағы көк шөптің арасында жабайы қабандар жасырынып жатыр деп ешкім ойламаған.
Спортшылар командасы олардың жанынан өтіп бара жатқанда жануарлар жолға жүгіріп шыққан. Үлкенді-кішілі жабайы қабандартобы команда мүшелерінің бірін бар жылдамдықпен қағып кетіп, жаттығуды тоқтатып тастады.
Спортшының құлаған кезде жарақат алған-алмағаны белгісіз.
Жаңалықтар
0