https://sputnik.kz/20230719/qolkhatsyz-qaryzdy-qaytaryp-aluga-bola-ma-36888963.html
Қолхатсыз қарызды қайтарып алуға бола ма
Қолхатсыз қарызды қайтарып алуға бола ма
Sputnik Қазақстан
Қолхат арқылы қарызды қайтару жолдары. Нотариусқа барып келісімшарт қалай жасалады? Сотқа қалай жүгінеді
2023-07-19T20:10+0500
2023-07-19T20:10+0500
2023-07-20T08:08+0500
қоғам
қарыз
https://sputnik.kz/img/07e7/07/13/36888802_0:35:600:373_1920x0_80_0_0_808122f61e6477c663a950a0897d090d.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Бүгінде көбісі қарызға берген ақшасын заңды түрде рәсімдемейді. Нотариусқа барып, келісімшарт жасаймады, тіпті, қолхат та алмайды. Сұраған ақшаны банк қосымшасы арқылы аудара салады. Ал қарыз алған адам жауапкершіліктен қашып, ақшаны қайтармай қоюы да мүмкін. Себебі кредиторда дәлел жоқ, сотқа арыз түсіре алмайды. Sputnik Қазақстан осы мәселеге қатысты заңның негізгі нормаларын ұсынады.Сотта "дәлел" деп нені айтадыАзаматтық процестік кодекстің 63-бабында дәлелдемелердің анықтамасы жазылған. Соған сәйкес, заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайларды, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды.Фактілер туралы мәліметтер бірнеше көзден алынады. Олар:Бір куәгер де жеткіліктіЗаң бойынша қарыздың сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен (345 000 теңгеден) аспаса, сотта бір куәгердің айтқан сөзі де жеткілікті. Ол адам қарыздың кімнің алғанын және бергенін, сондай-ақ берешектің сомасын растап беруі керек. Жақын туыстар да кәугер бола алады.Ал қарыздың сомасы 100 АЕК-тен жоғары болса, қосымша дәлелдемелер дайындап қою қажет. Мәселен, борышкердің қарыз алғанын мойындап тұрған аудиожазбасын қолдануға болады. Онда ақша берген адамның "Қарызды қашан қайтарасың?" деген сұрағына: "Бір айдан кейін қайтарамын", - деп жауап берілсе, соның өзі қарыздың бар екенін дәлелдеуге жетеді. Ал борышкер аудиожазбада менің дауысым емес десе, фонографиялық сараптама тағайындауға болады.Сотта полиграфты пайдалануға да мүмкіндік бар.SMS-терді көрсетуге бола ма?Электрондық хат алмасу жазбаша дәлелдеме болып саналады. Заңда оны "жазбаша келісімнің формасы" деп атайды. Олар:Хаттарда борышкер қарыз алғанын мойындап тұруы керек. Мәселен, қарыз берген адам "Сәлем, қалың қалай! Қарызды қашан қайтарасың?" деген хабарлама жазғаннан кейін борышкер: "Сәлем, қазір қиналып тұрмын, екі айдан кейін қайтарайыншы", - десе, осы сөзі қарыз алғанды мойындау болып саналады.Хат жазысудың скриншотын сақтап қою қажет. Ал мессенджер арқылы жазылса, жауап берген адамның нөмірін растау керек. Оны ұялы байланыс операторы істей алады. Сосын скриншотты нотариусқа апарып, мөрін бастырып алу қажет. Заң бойынша нотариус дәлелдемелерді куәландыруға құқылы.Бейнежазбаны қайдан алуға болады?Ақша банк қосымшасы арқылы жіберілсе, түбіртекті көрсету керек. Ал картаға аударылған жағдайда банкте растайтын құжатты басып бере алады.Қарыз қолма-қол ақшамен де берілуі мүмкін. Ондайда адамдар дәмхана немесе басқа бір жерде кездеседі. Артынан ғимарат қожайынынан бейнежазбаны сұрап алуға болады. Бермесе, сот арқылы талап етуге мүмкіндік бар. Сосын әкімшілік ғимараттары жанында бейнекамералар көп.Бұдан бөлек, борышкердің түсініктемесін де дәлелдеме ретінде пайдалануға болады. Қарыз берген адам полицияға арыз түсіргеннен кейін ақша алған адамды шақырып, жазбаша түсініктеме алады. Осы қағазда қарыз алғанын мойындап тұрса, көшірмесін сотта көрсету керек.Қарызды қайтару бойынша талап қою мерзімі қандай?Азаматтық кодексте талап қоюдың ескіру мерзімі үш ай деп көрсетілген. Осы уақыттың ішінде қарызды қайтару бойынша сотқа шағым түсіру керек.Талап қоюдың ескіру мерзімі қарыз қайтарылатын күннен бастап есептеледі. Бұл мерзімді қалпына келтіруге болады. Ол үшін арыз жазып, борышкерге қатысты шараларды уақытында қолға алмаудың себебін көрсету керек. Мәселен, кредитор ауырып қалуы мүмкін, я болмаса, заңды білмейді. Соның бәрін арызда жазу керек.Сотқа қалай жүгінеді?Сотқа дейін борышкерге ескертіп қою қажет. Сотқа дейінгі талап қою рәсімі де бар. Қарыз алған адам сотқа дейінгі талапқа жауап бермесе, одан кейін сотқа да келмеген жағдайда судья сырттай үкім шығара береді. Ондай шешімдер көп жағдайда кредитордың пайдасына шығарылады.Қарызды қайтару туралы талап жауапқа тартылатын адамның тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша беріледі.Ал полицияға арыз жазылса, борышкерді алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартуы мүмкін. Ақшаны ала алмай жүрген адамдар мен шығынның көлемі көбейген сайын жазаның ауырлығы арта түседі.
https://sputnik.kz/20230625/zansyz-bayygandar-aktivter-elge-qalay-qaytarylady-zan-36326717.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/13/36888802_28:0:572:408_1920x0_80_0_0_d73bf0115915b058e8620b9ef877ee48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қолхат расписка нотариус келісімшарт договор қарыз сот дәлел
қолхат расписка нотариус келісімшарт договор қарыз сот дәлел
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Бүгінде көбісі қарызға берген ақшасын заңды түрде рәсімдемейді. Нотариусқа барып, келісімшарт жасаймады, тіпті, қолхат та алмайды. Сұраған ақшаны банк қосымшасы арқылы аудара салады. Ал қарыз алған адам жауапкершіліктен қашып, ақшаны қайтармай қоюы да мүмкін. Себебі кредиторда дәлел жоқ, сотқа арыз түсіре алмайды. Sputnik Қазақстан осы мәселеге қатысты заңның негізгі нормаларын ұсынады.
Сотта "дәлел" деп нені айтады
Азаматтық процестік кодекстің 63-бабында дәлелдемелердің анықтамасы жазылған. Соған сәйкес, заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайларды, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды.
Фактілер туралы мәліметтер бірнеше көзден алынады. Олар:
тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері;
сарапшылардың қорытындылары;
процестік әрекеттердің хаттамалары;
сот отырыстарының хаттамалары;
бейнебайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректер.
Заң бойынша қарыздың сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен (345 000 теңгеден) аспаса, сотта бір куәгердің айтқан сөзі де жеткілікті. Ол адам қарыздың кімнің алғанын және бергенін, сондай-ақ берешектің сомасын растап беруі керек. Жақын туыстар да кәугер бола алады.
Ал қарыздың сомасы 100 АЕК-тен жоғары болса, қосымша дәлелдемелер дайындап қою қажет. Мәселен, борышкердің қарыз алғанын мойындап тұрған аудиожазбасын қолдануға болады. Онда ақша берген адамның "Қарызды қашан қайтарасың?" деген сұрағына: "Бір айдан кейін қайтарамын", - деп жауап берілсе, соның өзі қарыздың бар екенін дәлелдеуге жетеді. Ал борышкер аудиожазбада менің дауысым емес десе, фонографиялық сараптама тағайындауға болады.
Сотта полиграфты пайдалануға да мүмкіндік бар.
SMS-терді көрсетуге бола ма?
Электрондық хат алмасу жазбаша дәлелдеме болып саналады. Заңда оны "жазбаша келісімнің формасы" деп атайды. Олар:
WhatsApp, Telegram және тағы басқа мессенджерлер арқылы жазылған хабарламалар.
Хаттарда борышкер қарыз алғанын мойындап тұруы керек. Мәселен, қарыз берген адам "Сәлем, қалың қалай! Қарызды қашан қайтарасың?" деген хабарлама жазғаннан кейін борышкер: "Сәлем, қазір қиналып тұрмын, екі айдан кейін қайтарайыншы", - десе, осы сөзі қарыз алғанды мойындау болып саналады.
Хат жазысудың скриншотын сақтап қою қажет. Ал мессенджер арқылы жазылса, жауап берген адамның нөмірін растау керек. Оны ұялы байланыс операторы істей алады. Сосын скриншотты нотариусқа апарып, мөрін бастырып алу қажет. Заң бойынша нотариус дәлелдемелерді куәландыруға құқылы.
Бейнежазбаны қайдан алуға болады?
Ақша банк қосымшасы арқылы жіберілсе, түбіртекті көрсету керек. Ал картаға аударылған жағдайда банкте растайтын құжатты басып бере алады.
Қарыз қолма-қол ақшамен де берілуі мүмкін. Ондайда адамдар дәмхана немесе басқа бір жерде кездеседі. Артынан ғимарат қожайынынан бейнежазбаны сұрап алуға болады. Бермесе, сот арқылы талап етуге мүмкіндік бар. Сосын әкімшілік ғимараттары жанында бейнекамералар көп.
Бұдан бөлек, борышкердің түсініктемесін де дәлелдеме ретінде пайдалануға болады. Қарыз берген адам полицияға арыз түсіргеннен кейін ақша алған адамды шақырып, жазбаша түсініктеме алады. Осы қағазда қарыз алғанын мойындап тұрса, көшірмесін сотта көрсету керек.
Қарызды қайтару бойынша талап қою мерзімі қандай?
Азаматтық кодексте талап қоюдың ескіру мерзімі үш ай деп көрсетілген. Осы уақыттың ішінде қарызды қайтару бойынша сотқа шағым түсіру керек.
Талап қоюдың ескіру мерзімі қарыз қайтарылатын күннен бастап есептеледі. Бұл мерзімді қалпына келтіруге болады. Ол үшін арыз жазып, борышкерге қатысты шараларды уақытында қолға алмаудың себебін көрсету керек. Мәселен, кредитор ауырып қалуы мүмкін, я болмаса, заңды білмейді. Соның бәрін арызда жазу керек.
Сотқа дейін борышкерге ескертіп қою қажет. Сотқа дейінгі талап қою рәсімі де бар. Қарыз алған адам сотқа дейінгі талапқа жауап бермесе, одан кейін сотқа да келмеген жағдайда судья сырттай үкім шығара береді. Ондай шешімдер көп жағдайда кредитордың пайдасына шығарылады.
Қарызды қайтару туралы талап жауапқа тартылатын адамның тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша беріледі.
Ал полицияға арыз жазылса, борышкерді алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартуы мүмкін. Ақшаны ала алмай жүрген адамдар мен шығынның көлемі көбейген сайын жазаның ауырлығы арта түседі.