МАЭК үкімет қаржысы есебінен жөнделетін болды

© Photo : сайт МАЭКЖылу құбырларын жөндеу. МАЭК
Жылу құбырларын жөндеу. МАЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Үкімет Маңғыстау атом энергетикалық кешенін (МАЭК) жөндеу жұмыстарына қаражат бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қазақстан үкіметінің резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұған қатысты үкімет тиісті қаулы қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
"МАЭК" ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды.
"Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті үкімет.
Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де болған апаттардың себептерін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктер анықталған болатын.
Келешекте мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараларды қолға алмақ.
Олардың қатарында:
"МАЭК" ЖШС-ны жаңғырту және күрделі жөндеу;
батыс энергетика аймағын нығайту;
АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда өзінің жеке энергия көзін салу;
батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т. б. бар.
Жаңалықтар
0