https://sputnik.kz/20230719/biyl-ulytau-oblysyn-gazdandyruga-3-mlrd-tenge-zhumsalady-36886379.html
Биыл Ұлытау облысын газдандыруға 3 млрд теңге жұмсалады
Биыл Ұлытау облысын газдандыруға 3 млрд теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Осы жылы Ұлытау облысында газдандыру жобаларын іске асыруға 3 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды энергетика министрлігінің... 19.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-19T21:11+0500
2023-07-19T21:11+0500
2023-07-19T21:11+0500
өңірлер
ұлытау облысы
газ
https://sputnik.kz/img/1439/55/14395567_0:242:2783:1807_1920x0_80_0_0_34b66cb223f98434d2193ad50d06c819.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Осы жылы Ұлытау облысында газдандыру жобаларын іске асыруға 3 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысын газдандыру деңгейі 2,7%-ті құрайды немесе 5950 (221 395-тен) адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Ұлытау облысының халқымен кездесу барысында энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.Министрлік ақпаратынша, Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 3 кезектен (7 іске қосу кешені) тұрады, жалпы құны 12,9 млрд теңге. Бүгінгі күні 2 іске қосу кешенінен тұратын бірінші кезек аяқталды. Сондай-ақ 2-ші кезекті іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Бұдан бөлек, Әлібек Жамауов ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету шараларына тоқталды.Сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі былтыр еліміз бойынша 1,8 млн тоннаны құраған. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетіп отыр. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне байланысты өндіріс 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Ұлытау облысы үшін баға 1 литріне 76-81 теңгені құрайды. Өңірде 1 газ толтыру станциясы (көтерме) және 18 автомобильге газ құю станциясы бар. Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,7 мың тоннаны, 2023 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде 0,8 мың тоннаны құрады, деп атап өтті ведомстводағылар.Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.
https://sputnik.kz/20230718/kelesi-zhyly-astanada-300-myn-turgyn-gazga-qosylady-36859269.html
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1439/55/14395567_26:0:2757:2048_1920x0_80_0_0_455e123a155c5f78c0d00a872fb51fe6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлытау облысы, газ
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Осы жылы Ұлытау облысында газдандыру жобаларын іске асыруға 3 млрд теңге көзделген, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысын газдандыру деңгейі 2,7%-ті құрайды немесе 5950 (221 395-тен) адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Ұлытау облысының халқымен кездесу барысында энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.
Министрлік ақпаратынша, Жезқазған қаласын газдандыру жобасы 3 кезектен (7 іске қосу кешені) тұрады, жалпы құны 12,9 млрд теңге. Бүгінгі күні 2 іске қосу кешенінен тұратын бірінші кезек аяқталды. Сондай-ақ 2-ші кезекті іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Бюджеттік бағдарлама аясында республикалық бюджет қаражатынан 2023 жылы Ұлытау облысы үшін 2 жобаны (1 жалғасып жатқан жоба және 1 жаңа жоба) іске асыруға 3 млрд теңге көзделген", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Әлібек Жамауов ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету шараларына тоқталды.
Сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі былтыр еліміз бойынша 1,8 млн тоннаны құраған. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетіп отыр. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне байланысты өндіріс 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.
Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Ұлытау облысы үшін баға 1 литріне 76-81 теңгені құрайды. Өңірде 1 газ толтыру станциясы (көтерме) және 18 автомобильге газ құю станциясы бар. Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,7 мың тоннаны, 2023 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде 0,8 мың тоннаны құрады, деп атап өтті ведомстводағылар.
Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.