https://sputnik.kz/20230719/batys-qazaqstandagy-auyldardyn-birinde-turgyndardan-maza-qashty-36871176.html
Батыс Қазақстандағы ауылдардың бірінде тұрғындардан маза қашты
Батыс Қазақстандағы ауылдардың бірінде тұрғындардан маза қашты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені әлдебір жыртқыш қорадағы... 19.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-19T08:24+0500
2023-07-19T08:24+0500
2023-08-09T09:47+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/18/17429751_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5dd82262907d304a6c028f65bbd93a97.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені әлдебір жыртқыш қорадағы малды талап, қырып жатыр, деп хабарлады КТК.Ауылдықтар қорасын қымтап, күзетті күшейтсе де, бір айда жиырма шақты қойынан айрылыпты. Талаудан тірі қалған мал союға да келмейді әрі ауру жұқтырамыз ба деп жұрт қорқып отыр. Өлген малға сараптама жасалмаған."Қаңғыбас иттер туралы былтыр әңгіме қозғадым. Әкімдікке айттым, мал дәрігеріне айттым. Былтыр бұл ауылдың құсын, үйрек-қазынан бастап түгел жойды. Енді көктемнен бастап иттер малға тиісті. Менің өзімнің төрт қойымды қорадан жеп кетті", - дейді Жамбыл ауылының тұрғыны Қалимолла Өтешов.Ал ауыл әкімі елді дүрліктірген бұралқы иттер екеніне сенімді. Өйткені айналадағы саяжайларда иесіз қалған күшіктер өскесін, малға шауып жабайы болып кетеді дейді. Жыл басынан бері 138 ит аулағанын айтқан әкім енді қорадағы қырғынға "кінәлі" төбеттерді түстеп ажыратып, іздеп жүр. Тіпті көмек сұрап, полиция мен ветеринарларға хат та жазыпты."Қазір қандай ит екенін іздеп жатыр. Екі қоңыр, екі сары ит жүгіріп жүр. Білмеймін кімдікі екенін. Жергілікті емес дейді. Қарғыбауыжоқ, иесіз жүр", - дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/18/17429751_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3b7d487c82fc394d03cfde6c00a5ccd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстандағы ауылдардың бірінде тұрғындардан маза қашты
08:24 19.07.2023 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені әлдебір жыртқыш қорадағы малды талап, қырып жатыр, деп хабарлады
КТК. "Қасқыр дейін десең, қасқыр емес, ит дейін десең, ит емес. Аңшылар қорқау деп отыр. Не көп, сай-сала көп. Көзімізге көрінбей жүрген болар. Келеді де, бауыздап кетеді, етін де жемейді. Қорқау деген қанын сорып кетеді ғой. Жерде ағып жатқан қанды да көрмейсің", - дейді Жамбыл ауылының тұрғыны Асқар Давлетьяров.
Ауылдықтар қорасын қымтап, күзетті күшейтсе де, бір айда жиырма шақты қойынан айрылыпты. Талаудан тірі қалған мал союға да келмейді әрі ауру жұқтырамыз ба деп жұрт қорқып отыр. Өлген малға сараптама жасалмаған.
"Қаңғыбас иттер туралы былтыр әңгіме қозғадым. Әкімдікке айттым, мал дәрігеріне айттым. Былтыр бұл ауылдың құсын, үйрек-қазынан бастап түгел жойды. Енді көктемнен бастап иттер малға тиісті. Менің өзімнің төрт қойымды қорадан жеп кетті", - дейді Жамбыл ауылының тұрғыны Қалимолла Өтешов.
Ал ауыл әкімі елді дүрліктірген бұралқы иттер екеніне сенімді. Өйткені айналадағы саяжайларда иесіз қалған күшіктер өскесін, малға шауып жабайы болып кетеді дейді. Жыл басынан бері 138 ит аулағанын айтқан әкім енді қорадағы қырғынға "кінәлі" төбеттерді түстеп ажыратып, іздеп жүр. Тіпті көмек сұрап, полиция мен ветеринарларға хат та жазыпты.
"Қазір қандай ит екенін іздеп жатыр. Екі қоңыр, екі сары ит жүгіріп жүр. Білмеймін кімдікі екенін. Жергілікті емес дейді. Қарғыбауыжоқ, иесіз жүр", - дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.