https://sputnik.kz/20230719/aqmola-oblysynda-buryngy-bolim-basshysy-bes-zhylga-sottaldy-36879928.html
Ақмола облысында бұрынғы шенеунік бес жылға сотталды
Ақмола облысында бұрынғы шенеунік бес жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің экс-басшысы алаяқтық жасап, бес жылға сотталды, деп... 19.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-19T21:53+0500
2023-07-19T21:53+0500
2023-07-20T06:54+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің экс-басшысы алаяқтық жасап, бес жылға сотталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық соты.ТКШ бөлімінің экс-басшысы А. азаматтарға мемлекеттік меншіктегі газ тарату станциясының ғимаратын бұзып, бөлшектеуді ұсынған.Осылайша, ТКШ бөлімінің экс-басшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігінің 1),2)-тармақтарына сәйкес ірі көлемде алаяқтық жасаған."Сонымен қатар А. өз танысынан 11 000 000 теңге қарыз алып, оған ТКШ бөлімінің балансында тұрған генераторлық қондырғыны кепілге берген. Сөйтіп экс-басшы мемлекетке 1 322 381 теңге сомасында материалдық залал келтіріп, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған", - дейді ведомство.Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, айғақтарды тексеру және нақтылау хаттамаларымен, құжаттарды алу және қарау хаттамасымен, қабылдау-тапсыру актісімен, тексеру хаттамасымен және сарапшылардың қорытындыларымен, аудиторлық есеппен дәлелденген."Сот үкімімен "А-ға" 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ол бұдан былай мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды", - делінген сот хабарламасында.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің экс-басшысы алаяқтық жасап, бес жылға сотталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық соты.
ТКШ бөлімінің экс-басшысы А. азаматтарға мемлекеттік меншіктегі газ тарату станциясының ғимаратын бұзып, бөлшектеуді ұсынған.
"Экс-басшы рұқсат қағазы үшін олардан 12 миллион теңге сұраған. Алдын ала төлем ретінде ол азаматтардан 4 миллион теңге алып, бұзу құқығы туралы жалған анықтама берген. Кейін объектіні бұзудың орнына жалға алуды ұсынып, олармен 30 жылға мүліктік басқару шартына қол қойысқан. Бұл үшін экс-басшы тағы ақша талап еткен", - дейді облыстық сот.
Осылайша, ТКШ бөлімінің экс-басшысы қызметтік бабын пайдалана отырып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігінің 1),2)-тармақтарына сәйкес ірі көлемде алаяқтық жасаған.
"Сонымен қатар А. өз танысынан 11 000 000 теңге қарыз алып, оған ТКШ бөлімінің балансында тұрған генераторлық қондырғыны кепілге берген. Сөйтіп экс-басшы мемлекетке 1 322 381 теңге сомасында материалдық залал келтіріп, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған", - дейді ведомство.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, айғақтарды тексеру және нақтылау хаттамаларымен, құжаттарды алу және қарау хаттамасымен, қабылдау-тапсыру актісімен, тексеру хаттамасымен және сарапшылардың қорытындыларымен, аудиторлық есеппен дәлелденген.
"Сот үкімімен "А-ға" 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ол бұдан былай мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды", - делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.