https://sputnik.kz/20230719/almatyda-urbanistika-basqarmasynyn-basshysy-ustaldy--antikor-36881556.html
Алматыда урбанистика басқармасының басшысы ұсталды – Антикор
Алматыда урбанистика басқармасының басшысы ұсталды – Антикор
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра... 19.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-19T14:09+0500
2023-07-19T14:09+0500
2023-07-19T14:09+0500
қоғам
басқарма басшысы
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_479fb168f0b73a32973c42e6aac696ff.jpg
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істерді тіркеп, тергеп жатыр.Шенеунік 2020-2023 жылдары жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі үшін 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен. Салдарынан мемлекетке жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде 307 млн теңгеден астам шығын келтірілді.Бұдан бөлек, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып, мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал еткен. Шығын 180 млн теңгені құрады.Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа лауазымды адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
https://sputnik.kz/20230609/buryngy-vitse-ministr-altaev-ay-sayyn-5000-dollar-para-alyp-kelgen---antikor-35817643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1270/33/12703380_278:0:1815:1153_1920x0_80_0_0_7b9d567099005c67bdd50762aa1b9a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
басқарма басшысы
Алматыда урбанистика басқармасының басшысы ұсталды – Антикор
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істерді тіркеп, тергеп жатыр.
"Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді", - делінген Антикор хабарламасында.
Шенеунік 2020-2023 жылдары жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі үшін 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен. Салдарынан мемлекетке жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде 307 млн теңгеден астам шығын келтірілді.
Бұдан бөлек, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып, мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал еткен. Шығын 180 млн теңгені құрады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа лауазымды адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.