Алматыда фитнес жаттықтырушыны өлтіріп кетті

© Public DomainФитнес зал
Фитнес зал - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 шілде – Sputnik. Алматыда фитнес жаттықтырушы Дамир Төребавты өлтіріп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық оқиға Наурызбай аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
"Қылмыстық іске қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.
Алдын ала мәлімет бойынша Төребаев пен оның танысының арасында жанжал болған.
Дамир Төребаев "FitnessBlitz" фитнес клуб желілерін басқарған. Ол мамандандырылған жаттықтырушы, бокстан және суда жүзуден спорт шеберіне үміткер. Оның клубы Қазақстанның бірнеше қаласында орналасқан.
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жетісу облысында әйелді өлтіріп, өртеп жіберген
Жаңалықтар
0