https://sputnik.kz/20230718/turkistandyq-oqushy-aqyldy-somke-zhasap-shygardy-36863879.html
Түркістандық оқушы "ақылды сөмке" жасап шығарды
Түркістандық оқушы "ақылды сөмке" жасап шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Түркістандық оқушы пультпен басқарылатын "ақылды сөмке" жасап шығарды. Портфель қисық жолмен де, шоқалақ жермен де жүре алады, деп... 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T16:42+0500
2023-07-18T16:42+0500
2023-07-18T16:42+0500
сөмке
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:542:1717:1507_1920x0_80_0_0_1caac50f3bf5dd7d299793b2b9507f0b.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Түркістандық оқушы пультпен басқарылатын "ақылды сөмке" жасап шығарды. Портфель қисық жолмен де, шоқалақ жермен де жүре алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.Төрткүл жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек биыл өзі ойлап тапқан сөмкемен сабаққа барып, сыныптастарын таңғалдырған. Ал идея мұқтаждықтан туындаған.Бір жыл бұрын Айтуар жол апатына түсіп, күрделі ота жасатқан. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тыйым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақтан қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығатын жолды тапты."Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барып жүрдім. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектесті", -дейді Айтуар.Айтуардың идеясын анасы да қолдап, дизайнын жасауға көмектесті. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені жетілдіруді ойластырып жүр. Баспалдақтан өзі көтерілетін механизм жасап, өнімін сатылымға шығаруды көздеп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/957/97/9579741_0:381:1717:1668_1920x0_80_0_0_578c75c54521e711f19e2be848ae98be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сөмке
Түркістандық оқушы "ақылды сөмке" жасап шығарды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Түркістандық оқушы пультпен басқарылатын "ақылды сөмке" жасап шығарды. Портфель қисық жолмен де, шоқалақ жермен де жүре алады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне
сілтеме жасап.
Төрткүл жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек биыл өзі ойлап тапқан сөмкемен сабаққа барып, сыныптастарын таңғалдырған. Ал идея мұқтаждықтан туындаған.
Бір жыл бұрын Айтуар жол апатына түсіп, күрделі ота жасатқан. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тыйым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақтан қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығатын жолды тапты.
"Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барып жүрдім. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектесті", -дейді Айтуар.
Айтуардың идеясын анасы да қолдап, дизайнын жасауға көмектесті. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені жетілдіруді ойластырып жүр. Баспалдақтан өзі көтерілетін механизм жасап, өнімін сатылымға шығаруды көздеп отыр.