https://sputnik.kz/20230718/sot-10-zhylga-sottalgan-kudebaevtyn-zhaza-merzimine-3-ay-qosty-36865894.html
Сот 10 жылға сотталған Күдебаевтың жаза мерзіміне 3 ай қосты
Сот 10 жылға сотталған Күдебаевтың жаза мерзіміне 3 ай қосты
Sputnik Қазақстан
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін жазаға тартылды 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T18:30+0500
2023-07-18T18:30+0500
2023-07-18T18:30+0500
генерал
полиция
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551142_0:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_13bafe4400d7752c8a4e622736a24210.jpg
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. 2022 жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктер кезінде өкілеттігін асыра пайдаланғаны және адамдарды азаптағаны үшін 10 жылға сотталған генерал Күдебаев елден қашқаны үшін қосымша 3 ай түрмеде отырады.Алматы облысы Кеген аудандық сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін үкім шығарылды."Күдебаев Серік Мырзақұлұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту – ред.) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес Талдықорған қалалық сотының 2023 жылғы 28 сәуірдегі үкімімен белгіленген жазаны ішінара толықтыру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Күдебаев 10 жыл және 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін", - деп үкімді Алматы облысы Кеген аудандық сотының судьясы оқыды.Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айының аяғында Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевты қаңтар оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (ҚК 362-бабының 4-бөлігі) және азаптау (146-баптың 2-бөлігі) бойынша кінәлі деп танып, оны полиция генерал-майоры арнайы атағынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.Серік Күдебаев Алматы облысы полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам уақыт Алматы полициясының басшысы болған.
https://sputnik.kz/20230701/serik-kudebaevtyn-ukimi-ozgerissiz-qaldy-36479677.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551142_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_59dd6faeb27b8d820baceb219e432314.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
генерал, полиция
Сот 10 жылға сотталған Күдебаевтың жаза мерзіміне 3 ай қосты
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін жазаға тартылды
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. 2022 жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктер кезінде өкілеттігін асыра пайдаланғаны және адамдарды азаптағаны үшін 10 жылға сотталған генерал Күдебаев елден қашқаны үшін қосымша 3 ай түрмеде отырады.
Алматы облысы Кеген аудандық сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін үкім шығарылды.
"Күдебаев Серік Мырзақұлұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту – ред.) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабына сәйкес Талдықорған қалалық сотының 2023 жылғы 28 сәуірдегі үкімімен белгіленген жазаны ішінара толықтыру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Күдебаев 10 жыл және 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін", - деп үкімді Алматы облысы Кеген аудандық сотының судьясы оқыды.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айының аяғында Талдықорған қалалық соты Серік Күдебаевты қаңтар оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (ҚК 362-бабының 4-бөлігі) және азаптау (146-баптың 2-бөлігі) бойынша кінәлі деп танып, оны полиция генерал-майоры арнайы атағынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.
Серік Күдебаев Алматы облысы полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам уақыт Алматы полициясының басшысы болған.