https://sputnik.kz/20230718/shakhtinsk-zhylu-elektr-ortalygyn-zhondeu-zhumystary-kesheuildep-zhatyr-36862468.html
Шахтинск жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатыр
Шахтинск жылу электр орталығын жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Энергетикалық қадағалау Шахтинск қаласының әкімдігі мен ЖЭО басшылығына барлық шұғыл шараны қабылдап, мердігерлік ұйымдардың... 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T21:48+0500
2023-07-18T21:48+0500
2023-07-18T21:48+0500
жылу электр орталығы
шахтинск
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1f/35479264_0:54:1024:630_1920x0_80_0_0_0325c1deebbcde5f7f012c3ebef5028c.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Энергетикалық қадағалау Шахтинск қаласының әкімдігі мен ЖЭО басшылығына барлық шұғыл шараны қабылдап, мердігерлік ұйымдардың жұмысын бақылауды тапсырды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.15 шілдеде мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов жергілікті жылу электр орталығына барып, энергия объектісіндегі бірқатар проблеманы анықтағанын айтқан болатын.Осы жағдайдан кейін Қарағанды облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті энергетикалық кәсіпорынның жылыту маусымына дайындығын тексеру жүргізу үшін Шахтинск ЖЭО-да жоспардан тыс тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдады.№1 қазандықты жоспарланған күрделі жөндеудің орнына іс жүзінде биыл тек ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.Жалпы ауданы 1 440 шаршы метрді құрайтын түтін соратын бөлімнің үстіндегі апаттық шатырға келетін болсақ, енді ғана конкурстық процедуралар жүргізілуде, олар тамыздың бірінші онкүндігінде аяқталады."Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,375 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта № 1 қазандықта орындалған жұмыс көлемі небәрі 22%, № 3 қазандықта – 11%, № 4 қазандықта – 39%, № 1 турбинада – 60%, № 2 турбинада – 32% құрайды", - деп толықтырды министрлік.Жалпы алғанда, Шахтинск қаласының ЖЭО-да он жылға жуық уақыт бойы қазандықтар мен турбиналарға толыққанды күрделі жөндеу жүргізілген жоқ, сондай-ақ персонал тапшылығы да бар. Шахтинск ЖЭО коммуналдық кәсіпорны 1964 жылдан бері жұмыс істейді, оның 75% тозған және қызыл аймақта орналасқан.
шахтинск
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1f/35479264_57:0:968:683_1920x0_80_0_0_780742a8b8973527d38aca29234bfaa7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, шахтинск
жылу электр орталығы, шахтинск
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Энергетикалық қадағалау Шахтинск қаласының әкімдігі мен ЖЭО басшылығына барлық шұғыл шараны қабылдап, мердігерлік ұйымдардың жұмысын бақылауды тапсырды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
15 шілдеде мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов жергілікті жылу электр орталығына барып, энергия объектісіндегі бірқатар проблеманы анықтағанын айтқан болатын.
Осы жағдайдан кейін Қарағанды облысы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті энергетикалық кәсіпорынның жылыту маусымына дайындығын тексеру жүргізу үшін Шахтинск ЖЭО-да жоспардан тыс тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдады.
"17 шілдедегі жағдай бойынша №3 қазандықты ағымдағы жөндеуге "Indigo Print" ЖШС 7 адам ғана жұмылдырылды, жұмыстар кестеден артта қалған. "Indigo Print" ЖШС мәліметінше, диірмендерге қажетті қосалқы бөлшектер тамыз айының соңында ғана жеткізіледі", - деп атап өтті ведомство.
№1 қазандықты жоспарланған күрделі жөндеудің орнына іс жүзінде биыл тек ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.
Жалпы ауданы 1 440 шаршы метрді құрайтын түтін соратын бөлімнің үстіндегі апаттық шатырға келетін болсақ, енді ғана конкурстық процедуралар жүргізілуде, олар тамыздың бірінші онкүндігінде аяқталады.
"Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,375 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта № 1 қазандықта орындалған жұмыс көлемі небәрі 22%, № 3 қазандықта – 11%, № 4 қазандықта – 39%, № 1 турбинада – 60%, № 2 турбинада – 32% құрайды", - деп толықтырды министрлік.
Жалпы алғанда, Шахтинск қаласының ЖЭО-да он жылға жуық уақыт бойы қазандықтар мен турбиналарға толыққанды күрделі жөндеу жүргізілген жоқ, сондай-ақ персонал тапшылығы да бар. Шахтинск ЖЭО коммуналдық кәсіпорны 1964 жылдан бері жұмыс істейді, оның 75% тозған және қызыл аймақта орналасқан.