Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде істеп тұр – ҚазМұнайГаз

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Флаг национальной компании "КазМунайГаз"
Флаг национальной компании КазМунайГаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттарының барлығы штаттық режимде істеп тұр. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев мәлімдеді.
"Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. Осылайша, Атырау мұнай өңдеу зауытын қоса алғанда, елдегі барлық мұнай өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп тұр", - деді Макеев бүгінгі баспасөз мәслихатында.
Айта кетері, осы айдың басында Шымкент мұнай өңдеу зауытын тоқтатуға тура келді. Бұған дейін Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеуге жабылған. 3 шілде күні кешке "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жылу электр станциясында энергоблоктардың бірі істен шықты. Соның салдарынан Маңғыстау мен Атырау облыстарында өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Олардың арасында Атырау мұнай өңдеу зауыты да бар.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақытылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс берілді. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов те тәртіптік жазаға тартылды.
Мағзұм Мырзағалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2023
Қоғам
ҚазМұнайГаз басшысы мен энергетика вице-министріне сөгіс жарияланады
Жаңалықтар
0