Қазақстанда табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысына 100% үстеме қосылады

© Photo : пресс-служба КЧСВ Акмолинской области пожар локализован
В Акмолинской области пожар локализован - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады.
ҚР Үкіметі мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады.
Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.
Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.
Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
Жалпы осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Қоғам
Жұмыс берушілер кімдерге 700 мың теңгеден жоғары жалақы төлеуге дайын
Жаңалықтар
0