https://sputnik.kz/20230718/mausymda-zhyldyq-inflyatsiya-146-boldy--ulttyq-bank-36864361.html
Маусымда жылдық инфляция 14,6% болды – Ұлттық банк
Маусымда жылдық инфляция 14,6% болды – Ұлттық банк
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. 2023 жылдың маусым айында елде жылдық инфляция баяулап, 14,6% болды (мамырда – 15,9%). Инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді, деп... 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T19:01+0500
2023-07-18T19:01+0500
2023-07-18T19:01+0500
ұлттық банк
инфляция
https://sputnik.kz/img/706/80/7068021_0:0:3667:2063_1920x0_80_0_0_a7b4b566b1cc737a16ce30c8ffc5d9fc.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. 2023 жылдың маусым айында елде жылдық инфляция баяулап, 14,6% болды (мамырда – 15,9%). Инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында тіркелді.Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%-ға дейін (мамырда – 16,5%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Маңғыстау облысында (17,2%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (12,7%) мейлінше төмен өсті.Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 15,8%-ға дейін баяулады (мамырда – 17,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (21,5%), ең төмен мән Алматы облысында (12,4%) тіркелді.Маусымда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы13,3%-ға дейін баяулады (мамырда – 13,5%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ұлытау облысында (17,3%) біршама жоғары, Абай облысында (10,7%) айтарлықтай төмен өсті.2023 жылғы маусымда елде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.
https://sputnik.kz/20230705/ulttyq-bank-bazalyq-molsherlemeni-zhyldyq-1675-dengeyinde-qaldyrdy-36571939.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/706/80/7068021_0:0:3105:2329_1920x0_80_0_0_c899badfe00d0d596b96e822c3250a20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, инфляция
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. 2023 жылдың маусым айында елде жылдық инфляция баяулап, 14,6% болды (мамырда – 15,9%). Инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында тіркелді.
Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 14,6%-ға дейін (мамырда – 16,5%) баяулады. Осы топ тауарларының бағасы Маңғыстау облысында (17,2%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (12,7%) мейлінше төмен өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 15,8%-ға дейін баяулады (мамырда – 17,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (21,5%), ең төмен мән Алматы облысында (12,4%) тіркелді.
Маусымда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы13,3%-ға дейін баяулады (мамырда – 13,5%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ұлытау облысында (17,3%) біршама жоғары, Абай облысында (10,7%) айтарлықтай төмен өсті.
2023 жылғы маусымда елде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.