Білім

Грантқа құжат қабылдау басталғалы 65 мың өтініш түскен

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Грант конкурсына өтініштер қабылдау басталғалы бері талапкерлерден 65 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, өтініштердің басым бөлігі, атап айтқанда, 25 мыңы алматылық жоғары оқу орындарына тапсырылған. Астананың оқу орындарында оқу үшін 12 мың өтініш қабылданса, 3,5 мың адам Қарағанды облысының университеттерінде оқуға ниет білдірген.
Талапкерлердің таңдауы ішінде ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар" (17 мың), "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" (12 мың) және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" (9 мың) бар.
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш "Ақпараттық технологиялар" т(7 мың) бағытына түскен. Ары қарай "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауға" - 3,7 мың өтініш берілген. Үшінші орында "Медицина", оны 2,8 мың талапкер таңдаған.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоғары оқу орындары (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Еске сала кетсек, 135 мың адам ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2023
Білім
Биыл қай мамандыққа қанша грант бөлінді
Жаңалықтар
0