"Қазтрансойл" жарты жылда 21 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады

© Photo : Пресс-служба АО "КазТрансОйл""ҚазТрансОйл" мұнай қоймалары
ҚазТрансОйл мұнай қоймалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 21 млн 353 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 1 млн 394 мың тоннаға көп, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 214 мың тоннаға кеміп, 8 млн 816 мың тоннаны құрады. Оның ішінде:
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-на 2 млн 857 мың тонна мұнай,
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-на 2 млн 767 мың тонна мұнай,
"Павлодар мұнай - химия зауыты" ЖШС-на 2 млн 776 мың тонна мұнай,
"CASPI BITUM" БК" ЖШС-на 415 мың тонна мұнай жеткізілді.
"Өзен - Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау – Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 945 мың тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 454 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 мың тоннаға көп.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 16 млрд 808 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы І жартыжылдықтың көрсеткішінен 79 млн тонна-километрге көп.
"ҚазТрансОйл" АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 21 млрд 535 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 196 млн тонна-километрге кем.
Жаңалықтар
0