Қазақстанда жоғары оқу орындарын жекешелендірудің заңдылығы тексеріледі

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана В правительстве прошло заседание Комиссии по демонополизации экономики
В правительстве прошло заседание Комиссии по демонополизации экономики - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Отырыста жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.
Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды.
Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес.
Сондай-ақ кеңесте Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жекеменшік энергетикалық компанияның жұмысы да қаралды.
Кәсіпорын меншігіндегі электр желілерінің әбден тозығы жеткені атап өтілді. Осы ретте жөндеу жұмыстары жүргізілмейді әрі апаттық бригадалар тапшы. Жалпы тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз өшіп қалуына, электр қуатының тапшылығына, кері байланыстың толық болмауына және тағы басқа мәселелер бойынша шағымдар айтуда.
Әлихан Смайылов талдау және қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды бас прокуратураға беруді тапсырды.
Сондай-ақ кеңес барысында теміржол көлігі саласында да бірқатар монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Алихан Смаилов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Премьер-министр алдағы жылыту маусымына дайындықты пысықтады
Жаңалықтар
0