Делдалдар көмірді екі есе қымбат бағаға сатып келген

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуВагоны с углем, архивное фото
Вагоны с углем, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көмір саласындағы делдалдарға тыйым болмай тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде көмір өндіруші компаниялар биржалық сауда-саттықты пайдаланады. Ол арқылы 3 млн тоннаға дейін немесе көмірдің 71 проценті сатылады. Оның бәрін бірнеше минут ішінде 2-17 компания сатып алады. Бұл жағдай бірнеше жылдан бері өзгермей келеді.
Делдалдарда қажетті инфрақұрылым, яғни қоймалар, тиеу-түсіру техникасы жоқ. Соған қарамастан көмірді екі есе қымбатқа сатады.
"Мысалы, 2022 жылдың желтоқсанында "Халық Көмір" ЖШС "Қаражыра" АҚ-ның "Каспий "ТБ" АҚ тауар биржасы арқылы 120 мың тонна көлемінде көмірдің тоннасын 6500 теңгеден сатып алып, 12 595 теңгеден қайта сатқан", - дейді агенттік мамандары.
Қазіргі көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасы қабылданды. Онда инфрақұрылымы бар компанияларға тікелей көмір сату тетігі қарастырылған. Ал делдалдарға көмір сататындар биржалық сауда лицензиясынан айырылады.
Қазіргі кезде 19 әкімшілік іс қозғалды. 6 тауар биржасы өз қызметін тоқтатты.
Жаңалықтар
0